2011 жылы экспортталған мұнай мен газ конденсаты 71,36 млн. тоннаны құрады

размер шрифта: Aa | Aa
13.01.2012 10:48
Алдын ала деректерге сәйкес, 2011 жылдың 12 айы бойынша мұнай және газ конденсаты экспортының көлемі 71,36 млн. тоннаны (100,0  пайыз) құрады.

Бұл туралы Мұнай және газ министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

Мұнайдың  Атырау - Самара бағыты бойынша экспортталған көлемі  15427 мың тоннаны  (100,8 пайызды) құрады. Ал  Орынбор ГӨЗ-і (конденсат) бағытымен - 1211 мың тонна (60,7 пайыз), КҚК - 28439 мың тонна (99,9 пайыз), Атасу - Алашанькоу - 10894,007 мың тонна (107,9 пайыз) мұнай экспортталған.

Бұдан бөлек, Ақтау теңіз порты арқылы 7964,826 мың тонна (84,1 пайыз), темір жол арқылы -7422,767 мың тонна (123,1 пайыз) мұнай  экспортталған.

Сонымен қатар, 2011 жылдың нәтижелері бойынша отандық мұнай өңдеу зауыттарында 13 725,758 мың тонна мұнай өңделді. Еліміздегі үш мұнай өңдеу зауыттан: 2 757,628 мың тонна бензин (95,3 пайыз), 4064,325 мың тонна дизель отыны (99,8 пайыз), 3660,145 мың тонна мазут (97,1 пайыз) және 525,152 мың тонна авиакеросин (107,3 пайыз) өндірілген.

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту