Магистралды газ құбыры Алматы облысының жеті ауданының аумағымен тартылады

размер шрифта: Aa | Aa
16.01.2012 10:49
Ұзындығы 268 шақырымға жуық магистралды газ құбыры Алматы облысының жеті ауданы - Қарасай, Жамбыл, Іле, Балқаш, Кербұлақ, Көксу және Ескелдінің аумақтары арқылы тартылатын болады.  

«КАТЭК» жобалау-зерттеу компаниясының президенті Кұндыз Нүповтың хабарлауынша, бірінші кезекте облыс орталығы мен қала маңындағы ауылдарды, сондай-ақ келешегі зор өнеркәсіптік әлеуетке ие Текелі қаласын газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Оның үстіне, жобалық шешімдер көгілдір отынды бірден екі көзден - «БГР-ТБА» газ құбырларының қазір жұмыс істеп тұрған оңтүстік жүйесінен және «Қазақстан-Қытай» магистралды газ құбырынан тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алдыңғы жылдары газдандыру Талдықорған өңірінің шалғайдағы солтүстік-шығыс аудандары - Ақсу, Сарқан және Алакөлде жалғастырылатын болады. 

2018-2020 жылдарға қарай аймақ бойынша жалпы алғанда 500 мыңнан астам адам газбен қамтылады, ал Алматы облысындағы газдандыру деңгейі 9-дан 60%-ға дейін артады.


ТАЛДЫҚОРҒАН. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту