Құмкөл даласында мұнай ұрлап жатқандар қолға түсті - Қызылорда облысы

размер шрифта: Aa | Aa
16.01.2012 10:53
 Қызылорда облысы аумағындағы «Кеңқия-Құмкөл» кен орнында ірі көлемде мұнай ұрлап жатқан ұйымдасқан топ құқық сақшыларының қолына түсті.

Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.  

Баукеспе ұрыларды ішкі істер органдары мен «Семсер» жеке күзет агенттігінің қызметкерлері бірлесе жүргізген операция барысында қылмыс үстінде ұстады. Қылмыскерлер мұнай құбырының 580-інші шақырымында тоқтатылған. Олар осында алты мұнай тасушы көлікпен келіп, олардың біреуін мұнайға толтырып үлгерген.

Тексеру барысында анықталғандай, қылмыстық топ 8 адамнан құралған. Іс-қимылдарына қарағанда, бұл олардың мұндай ұрлыққа бірінші рет барулары емес. Қазір полиция аталмыш факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп, күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп, сыбайластарын анықтау үстінде.

ҚЫЗЫЛОРДА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту