Атырау облысындағы теңіз аралдарында 3 мың вахталық қызметкерлер дауыс берді

размер шрифта: Aa | Aa
16.01.2012 17:27
 Бүгін Атырау облысында «Аджип ККО» компаниясының жасанды аралдарында жұмыс істейтін 3 мыңнан астам вахта қызметкері сайлауға қатысты.

Қашаған кен орнына екі сайлау учаскесінің комиссия мүшелерін тікұшақпен жеткізді. Дауыс беруге қатысуға бірінші болып бес жасанды аралдың ішіндегі ең үлкені болып табылатын «Д» аралында жұмыс істейтін вахта қызметкерлері мүмкіндік алды. Бұл жерде эксплуатациялық технологиялық кешен, теңіз нысандары бар, олардың арқасында әлемдегі ең ірі теңіз мұнайлық кен орнының тәжірибелік-өнеркәсіптік өңделуі жүргізіледі. Бірінші кезеңде кен орнында тәулігіне 300 мың баррель мұнай өндіріледі.

Сайлау күні аралда 3 мыңға жуық қазақстандық азамат болды. Олардың барлығы дауыс беруге арналған тізімдерге енгізіліп, сайлауға белсенді қатысты. «Д» аралында дауыс беру аяқталған соң, сайлау комиссияларының мүшелері көршілес жатқан, одан ұсақ аралдарға барды. Оларда 20-дан 130-ға дейін адам жұмыс істейді. Олардың барлығы өздерінің азаматтық парызын орындап, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарына дауыстарын берді.

Естеріңізге сала кетейік, Қашаған кен орнында алғашқы мұнайды өндіру ағымдағы жылдың желтоқсанында басталуы керек. Өндірілу жоғарғы деңгейге жеткен соң, Каспий теңізінің қайраңы қазақстандық секторында тәулігіне 1,5 млн. баррельге дейін мұнай өндірілетін болады

АТЫРАУ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту