Мұнайшылар тұрғылықты жерлері бойынша дауыс берді - Атырау

размер шрифта: Aa | Aa
16.01.2012 17:29
 Атырау облысында ««ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның «ЕмбіМұнайГаз» өндірістік филиалында ауысымда жұмыс істеген барлық мұнайшылар дауыс беруге қатысты. 

Облыстық сайлау комиссиясынан хабарлағандай, компания көлік санының  жеткілікті болуын алдын ала ойластырды. Ауысымда жұмыс істеп жүрген бұрғышылар, өндіру және мұнай ұңғыларының жерасты жөндеу операторларына, басқа да мамандық иелеріне тұрғылықты жерлері бойынша  кезекпен баруға мүмкіндік берілді.

Осылайша, «ДоссорМұнайГаз» МГӨБ-ның қызметкерлері Доссор ауылында, «МақатМұнайГаз» қызметкерлері - Мақатта, «ЖайықМұнайГаз» қызметкерлері - Аққыстауда дауыс берді.

АТЫРАУ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту