
ОҚО-ның миллионға жуық тұрғыны ағымдағы жылдың аяғына қарай табиғи газды пайдаланады
размер шрифта: Aa | Aa |
23.01.2012 18:13 | ||
ОҚО-ның миллионға жуық тұрғыны ағымдағы жылдың аяғына қарай табиғи газды пайдаланатын болады.
«2012 жылға түрлі көздерден 5,4 миллиард теңге бөлінген және 21 елді мекенге табиғи газ тартылады», - дейді ОҚО-ның энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Батырша Маханов. Бұдан кейін газбен қамтамасыз етілген елді мекендер саны 231-ге дейін өседі. «Бұл - 1 миллионға жуық оңтүстікқазақстандықтардың табиғи газды пайдалануы», - деп атап өтті Б.Маханов. Ол сондай-ақ 2012 жылдың 1 қаңтарында ОҚО-ның 900 елді мекенінің 40 пайызы (175 елді мекен) табиғи газбен, 35 пайызы - сұйытылған газбен, 25 пайызы көмір және ағашпен қамтамасыз етілгенін хабарлады. «Түрлі көздерден 4,4 миллиард теңге бөлінген. Жұмыстар 44 елді мекенде жүргізілді. 2011 жылдың қорытындысы бойынша, олардың 35-іне табиғи газ берілді. Яғни 89 мың тұрғын өздерінің тұрмыстық жағдайларын жақсартты», - дейді Б.Маханов.
|