Былтыр елімізде 39,5 млрд. текше метр газ өндірілді

размер шрифта: Aa | Aa
23.01.2012 18:15
2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айында жедел мәлімет бойынша республикадағы газ өндіру 39,5 млрд. текше метрді құрады.

Бұл оның алдындағы жылғы кезеңмен салыстырғанда 106 пайызды құрайды.

Мұнай және газ министрлігінде келтірілген мәлімет бойынша, былтырғы жылы республика облыстарының табиғи газ тұтыну көлемі 10,2 млрд. текше метрді құрады. Бұл 113,0 пайызға тең. Бұдан бөлек, есепті кезеңде республиканың газ экспорттау көлемі 8,1 млрд.текше метрді (89,0 пайыз) құрады. Сонымен қатар, 2146,9 мың тонна сұйытылған көмірсутек газы өндірілді (96 пайыз).

Жалпы республика аумағы арқылы көлемі 96,6 млн. текше метр (118,1  пайыз) газ транзиті, оның ішінде 62,0 млрд. текше метр - Ресей, 26,4 млрд. текше метр - Түркімен, 8,2 млрд. текше метр  - өзбек газының транзиті жүзеге асырылған.

АСТАНА. 23  қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту