2011 жылы Атырау облысының кеден органдары арқылы 30 млн тонна мұнай экспортқа рәсімделген

размер шрифта: Aa | Aa
25.01.2012 14:27

2011 жылы Атырау  облысының кеден органдары арқылы 30 млн тонна мұнай экспортқа рәсімделді, деп хабарлады Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Энергетикалық» кеден бекетінің бас маманы Асылбек Дөкесов.

«2011 жылдың 12 айында Атырау облысының кеден органдары арқылы экспортқа 30 млн тонна мұнай, 1 млн тоннадан аса мұнай өнімдері, 2,6 млрд текше метр газ рәсімделді», - деді А. Дөкесовсәрсенбі күні.

Оның айтуынша, бұл энергетикалық ресурстар көлемінің бәрі «Энергетикалық» кеден бекетінде рәсімделген, «Теңізшевройл», «Аджип ККО», «Қарашығанақ Петролеум» сияқты инвесторлардың, басқа да шетелдік және отандық компаниялардың мұнай мен мұнай өнімдерінің экспортына бақылау осы жерде жүргізіледі.

«Қуат тасымалдаушылардың экспортынан республика бюджетіне кедендік баж салықтары мен салықтар түрінде 228 млрд теңгетүседі.Бұл соманың 207 млрд теңгесін мұнайға баж салықтары құрайды», -деді А. Дөкесов.

Атырау. 25 қаңтар. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту