ШҰҒЫЛ: «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ, «Компания Мұнай Экология» ЖШС және «Өзенмұнайгаз» ӨФ-ның бірқатар басшыларына 462 млн. теңгені жымқырды деген күдік келтіріліп отыр - ҚР Бас прокуратурасы

размер шрифта: Aa | Aa
26.01.2012 10:17
Қаржы полициясы органдары аталған тұлғалар, қала тұрғындарының мүдделеріне қарамастан, бірнеше жылдар бойы жергілікті халық пен мұнай-газ саласындағы жұмысшыларды әлеуметтік-экономикалық қолдауға бөлінген қаражатты ұрлағандарын анықтады.

Бұл туралы 2011 жылдың 16 желтоқсанында Жаңаөзен қаласында орын алған оқиғаға қатысты ҚР Бас прокуратураның бүгін таратқан мәлімдемесінде айтылды.

Осыған байланысты, «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы мен «Компания Мұнай Экология» серіктестігінің басшылары Мирошников пен Баймұхамбетовтың  үстінен «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының 335 миллион теңге қаражатын ұрлағаны үшін Қылмыстық кодекстің 176-ншы бабының 3-інші бөлігінің «б» тармағымен қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының 127 миллион теңге қаражатын «Бұрғылау» серіктестігінің директоры Сейтмағанбетовпен сөз байласып ұрлады деген күдікпен «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының бұрынғы директоры Ешманов пен оның орынбасары Марқабаевқа қатысты Қылмыстық кодекстің 176-ншы  бабының 3-інші бөлігінің «б» тармағы бойынша қылмыстық іс тергелуде.

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту