Атырау облысында қарға қамалып қалған үш мұнайшы құтқарылды

размер шрифта: Aa | Aa
30.01.2012 14:14


Атырау облысында 3 күн бойы іздеуде болған үш мұнайшы қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлады Жылыой ауданы бойынша ТЖ бөлімінің бастығы Оралхан Стамғазиев дүйсенбі күні.

«26 қаңтарда түске қарай Жылыой ауданы Күлсары қаласынан 100 километр қашықтықтағы Жол қара кен орнынан автокранмен және LandCruiser көлігімен үш бұрғылаушы жолға шыққан, бірақ баратын жерлеріне жете алмаған», - деді О. Стамғазиев.

Қытайлық «Си Бу» инженерлік бұрғылау компаниясының» қызметкерлері іздеу шараларына келесі күні кірісіп, далаға жол талғамайтын «Трэкол» көлігін жіберген. Құтқарушылар бұрғыдан 15 километржерден автокранды тапқанымен, ішінде адам болмаған, іздестіру шаралары Күлсары бағытында жалғастырылды.

«Кеше кешке мұнайшылардың үшеуі де табылды. Олардың екеуі кері жолға жаяу шығып, 15 километр жүріп, бұрғыға өздері жеткен, кейін джипте қалған үшінші мұнайшы құтқарылды. Қазір олар кен орнының кезекші дәрігерінің бақылауында», - деді О. Стамғазиев.

Атырау. 30 қаңтар. ҚазТАГ 



PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту