Қызылордалық мұнай компаниялары өндіруші ұңғымалардың жобалық қорын сақтамайды, деп хабарлайды мамандар

размер шрифта: Aa | Aa
30.01.2012 14:16


Қызылорда облысының мұнай компаниялары өндіруші және айдағыш ұңғымалардың жобалық қорын сақтамайды, деп хабарлады аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясының бас маманы Қуаныш Рахманбаев.

«Басты бұзушылықтар жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай мен газ өндіру бойынша жобалық шешімдерді орындамауы, өндіруші және айдағыш ұңғымалардың жобалық қорын сақтамауы», - деп хабарлады Қ. Рахманбаев дүйсенбі күні ҚазТАГтілшісіне.

Оның ақпаратына сәйкес, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның Құмкөл, Оңтүстік Құмкөл, Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ кен орындарындағы өндіру нысандарын тексеру нәтижесі бойынша жобалық шешімдерді орындамау анықталды.

«Жер қойнауын тиімді пайдалану саласындағы талаптарды бұзу – ілеспе газды рұқсат етілген шамадан көп өртеу салдарынан шығын келтіру фактілері бойынша «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ мен «Қазгермұнай» БК ЖШС мемлекетке 151,2 млн теңге өтеді», - деп атап көрсетті инспекция өкілі.

Ведомствоның нақтылауынша, Қызылорда облысының аумағында және Қарағанды облысының бір бөлігінде 21 жер қойнауын пайдаланушы көмірсутек шикізатын барлау мен өндірумен айналысады.

2011 жылы Қызылорда облысының мұнай компанияларынан жер қойнауын пайдаланудың 100 бұзушылығы анықталды.

Барлық бұзушылықтар бойынша 129 әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалды, оның 12-сі Қызылорданың мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Істерді қарау нәтижесі бойынша заңды тұлғаларға Т13 328 280, лауазымды тұлғаларға Т3 719 520 көлемінде айыппұл салынды.


Қызылорда. 30 қаңтар. ҚазТАГ 



PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту