
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы және KAZENERGY қауымдастығы «Техникалық және кәсіби білім беру мекемелеріндегі мұнай-газ пәндерінің мұғалімдеріне арналған Сафи Өтебаев атындағы гранттар» атты 2011-2012 жылдар байқауының басталғандығы туралы хабарлайды
размер шрифта: Aa | Aa |
30.01.2012 16:24 | ||||||||||||||||
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ. 2012 жылдың 30 қаңтары Астана қаласы
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы және KAZENERGY қауымдастығы «Техникалық және кәсіби білім беру мекемелеріндегі мұнай-газ пәндерінің мұғалімдеріне арналған Сафи Өтебаев атындағы гранттар» атты 2011-2012 жылдар байқауының басталғандығы туралы хабарлайды. Байқау 2012 жылдың қаңтарынан мамыр айына дейінгі аралықта өткізіледі. «Техникалық және кәсіби білім беру мекемелеріндегі мұнай-газ пәндерінің мұғалімдеріне арналған Сафи Өтебаев атындағы гранттар (әрі қарай - ТжКБ)» атты байқау «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы және KAZENERGY қауымдастығының бастамасымен 2009 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді, ол Қазақстан мұнайының 110 жылдығына арнап ұйымдастырылған болатын. Биыл ұйымдастырушылар байқауға қатысушылардың құрамын ұлғайтты: алғаш рет байқауға қатысу үшін ІТ мамандықтарының мұғалімдері және ТжКБ мекемелерінің кәсіби білім беру шеберлері шақырылады. Байқауға қатысу үшін үміткерлерлер мына сілтеме арқылы KAZENERGY қауымдастығының сайтына тіркелуі қажет: http://kazenergy.com/ru/obrazovatelnaya-programma/-kazenergy.html. Байқауға қатысушылар төмендегі көрсеткіштер бойынша сараланады: ғылыми жетістіктер, оқу құралын, әдістемелік нұсқаулар жасап шығаруға қатысу және т.б., оқу барысында инновациялық оқу технологияларын пайдалану, оқушылардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстарын басшылыққа алу және т.б. Үміткерлер қызықты авторлық идеялары (әдістемелік тәсілі, формасы, тапсырмалар берудің қызықты жүйесі, қызық есептердің, жаттығулардың мысалдары, мұнай-газ саласының пәндері үшін көрсетілімдер) бар эссе жазып жіберуі қажет. KAZENERGY Білім беру бағдарламасы жұмыс тобының мүшелері – 16 мұнай-газ компанияларының өкілдері «ТжКБ мекемелеріндегі мұнай-газ пәндерінің мұғалімдеріне арналған Сафи Өтебаев атындағы гранттар» байқауы қазылар алқасының мүшелері болып табылады. Ассоциация KAZENERGY +7 (7172) 790187
Ляззат Ахмурзина, e-mail:
Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
Ассоциация KAZENERGY +7 (7172) 790184
Жулдуз Аубакирова, e-mail:
Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
|