Тимур Құлыбаев қайтадан «Газпромның» директорлар кеңесіне сайланды

размер шрифта: Aa | Aa
31.01.2012 10:58

Тимур Құлыбаев қайтадан «Газпромның» директорлар кеңесіне сайланды, деп ресейлік компания хабарлады.

Құжатта айтылғандай, «Газпром» ААҚ компанияның директорлар кеңесіне үміткерлер тізімін алған.

«Геросгаз» ЖАҚ атынан үміткерлер арасында қазақстандық мұнайгаз қауымдастығының және энергетикалық кешен Kazenergy-дің  төрағасы, «Атамекен» Одағы» ұлттық экономикалық палатасының президиум төрағасы Тимур Құлыбаев та бар.

Сөйтіп, «Газпром» ААҚ директорлар кеңесінің құрамына дауыс беруге дайындалған тізім арасында 12 адам бар.

Ол тізім «Газпромның» директорлар кеңесінің жақын аралықтағы отырысында қарастырылады.

Бұрын хабарланғандай, 2011 жылы маусымда Т. Құлыбаев «Газпром» директорлар кеңесінің құрамына енген.

Ресейлік «Газпром» ААҚ-ның жұмысының негізгі бағыты геологиялық барлау, көмірсутектерін өндіру, тасымалдау, сақтау, өңдеу және сату, сондай-ақ электр мен жылыу қуатын өндіру және сату болып табылады.  

Алматы. 31 қаңтар. ҚазТАГ



PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту