Қазақстан үкіметі мұнай өнімдеріне экспорттық баж салықтарын көтерді

размер шрифта: Aa | Aa
01.02.2012 13:31

Қазақстан мұнай өнімдеріне экспорттық кедендік баж салығын (ЭКС) көтерді. Үкіметтің сәйкес қаулысына ҚР премьер-министрі 30 желтоқсанда қол қойып, сенбі күні ресми баспасөзде жарияланды.

Қаулыға сәйкес, ақшыл мұнай өнімдерінің экспортына кедендік баж салығының мөлшерлемесі тоннасы үшін $164,97, қара мұнай өнімдерінің экспортына – тоннасы үшін $109,98 көлемінде белгіленеді. Шикі мұнайға ЭКС тоннасы үшін $40 деңгейінде сақталды.

Осы қаулының 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін ЭКС көтеру туралы тармақшасын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, делінген құжатта.

Еске сала кетейік, 2011 жылдың 27 қырқүйегінен бері ақшыл мұнай өнімдерінің экспортына кедендік баж салығының мөлшерлемесі тоннасы үшін $143,54, қара мұнай өнімдеріне $95,69 құрады.

Бұрын хабарланғандай, мұнай мен мұнай өнімдеріне ЭКС 2010 жылдың тамызында енгізілді.


Астана. 31 қаңтар. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту