2011 жылы «Теңізшевройл» ЖШС 25.8 млн. тонна мұнай өндірді

размер шрифта: Aa | Aa
02.02.2012 15:18
2011 жылы Атырау облысында Теңіз және Корольдік кен орындарын игеріп жатқан «Теңізшевройл» ЖШС 25.8 млн. тонна, немесе 206,2 млн. баррель мұнай өндірді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Өндірілген шикізатты ТШО Каспий құбыр желісі консорциумының құбыры арқылы Новоресейге, темір жол арқылы Одесса, Феодосия және Ақтауға экспорттады, ол жақтардан мұнай Батуми мен Кулевиге жіберілді.

Теңіз кен орнының коллекторынан шығарылған қорлар 750 миллионнан 1,1 млрд. тоннаға дейін мұнайды құрайды (6-9 млрд. баррель). Теңіз коллекторының барланған жалпы қорлары 3 млрд. тоннаны (26 млрд. баррель), ал Корольдік кен орнында - 190 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррель) құрайды. Коллектордың ені - 19 шақырым (12 миль), ұзындығы - 21 шақырым (13 миль).

2008 жылдың үшінші тоқсанында «Теңізшевройл» ЖШС қуаттылықтарды кеңейту жобасын аяқтады, соның нәтижесінде мұнайдың тәуліктік өндірілуі шамамен 75 мың тонна немесе 600 мың баррельге жетті, газдың тәуліктік өндірілуі - 22 млн. текше метр болды.

АТЫРАУ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту