ҚазМұнайГаз» БӨ Директорлар кеңесі өндірістік филиалдар негізінде акционерлік қоғам құру туралы шешім қабылдады

размер шрифта: Aa | Aa
02.02.2012 15:31
«ҚазМұнайГаз»  БӨ Директорлар кеңесі өндірістік филиалдар негізінде акционерлік қоғам құру туралы шешім қабылдады және басқарма мүшелерін сайлады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Директорлар кеңесі «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалдарына өкілеттіктердің басым бөлігін беру туралы компания менеджментінің ұсынысын қарады. Директорлар кеңесі өндірістік филиалдарды акцияларының 100 пайыз ҚМГ БӨ қарайтын акционерлік қоғам етіп құру қажеттігімен келісті. Аталған өзгеріс құрылғалы жатқан акционерлік қоғамдарға негізгі құралдарды және мемлекеттік органдардың заңмен қарастырылған келісімдерін алу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын беруді қарастырады. Акционерлік меншік формасы кәсіпорындарға өндірістік-шаруашылық қызметті жүргізу барысында қажетті дербестік беріп, олардың басқарудағы жауапкершілігін арттырып, сондай-ақ корпоративтік басқарудың заманауи талаптарына сәйкестігі мен ашықтықты қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесі заң талаптарына сүйене отырып, берілгелі отырған активтерді тәуелсіз бағалауға тапсырма берді. Директорлар кеңесі оны бекіткеннен кейін жаңа акционерлік қоғамдар құру мәселесі ҚМГ БӨ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қарауына ұсынылатын болады.

Одан бөлек, Директорлар кеңесі Компания келесі қызметкерлерін: бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары А.Нұрсейітовті, қаржы директоры - қаржылық бақылаушы Б.Фрейзерді, құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор М.Сәулебайды, логистика және келісімшарт жөніндегі басқарушы директор Э.Салимовты, қазметкерлерді басқару және дамыту департаментінің директоры Б.Әшірбекованы ҚМГ БӨ Басқарма мүшесі етіп сайлады. Компания Басқармасының келесі мүшелері: К.Ешмановтың, Ж.Бекежанованың, А.Әубәкіровтің, Б.Бисекеннің, Т.Хитуовтың, Ж.Жамауовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту