Биыл газ өндіру көлемі жоспардан төмен болады - С. Мыңбаев

размер шрифта: Aa | Aa
02.02.2012 18:18
Ағымдағы жылы стратегиялық жоспарға сәйкес, шикі газды өндіру көлемі 42 млрд. текше метр болуы тиіс.

Бірақ оның да нақты деңгейі төмен болады деп ойлаймыз. Бүгін ҚР Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісінде министр Сауат Мыңбаев осылай айтты.

«Бұл жағдайдың негізгі себебі - «ТеңізШевройл» компаниясына қарасты «Корлевская» газ кенінде өндіріс көлемінің азаюы, «Толқын» газ кенін судың басып қалуы, «Қызылой» кенінде газ ұңғысындағы қысымның төмендеуі және «ЖайықМұнай» өз жұмысына тым кеш кірісуі», - дейді С.Мыңбаев. Оған қарамастан, елдің ішкі нарығында газға деген сұраныс өсіп келеді. Былтыр елдің газ тұтыну көлемі 13 пайызға өссе, биыл бұл көрсеткіш 18 пайызға көтеріледі деген болжам бар.

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту