Біз барлық аймақтарды газбен қамтамасыз ете аламыз - Мұнай және газ министрі

размер шрифта: Aa | Aa
02.02.2012 18:19
Біз барлық аймақтарды сұйытылған газбен қамтамасыз ете аламыз. Биыл қаңтар айында бұл жұмыс басталды.

Бүгін ҚР Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісінде министр Сауат Мыңбаев осылай айтты.

«Бұл жерде бір мәселені ескеру қажет. Бүгінде «ТеңізШевройл» компаниясының сұйытылған газды өндіру саласындағы үлесі 61 пайызды құрап отыр. Онда пропан мен бутан бөлек шығарылады. Басқалар болса, пропан-бутан қоспасын өндіріп жатыр. Қатты аязды бутан тұнба болып қалады. Сондықтан солтүстік өңірлер тек таза пропанды, яғни «ТеңізШевройл» компаниясының өнімін ғана  пайдалана алады», - дейді С.Мыңбаев.

Министр атап көрсеткендей, ішкі нарықты сұйытылған газбен қамтамасыз ету бойынша «ТеңізШевройлмен» өзара келісім бар. «Бірақ ол компания шығаратын өнімнің бағасын бір деңгейде бекіту мүмкін болмады. Сондықтан осы саладағы шекті бағаға аса сақ болу қажет. Әйтпесе, біз тапшылыққа тап боламыз», - дейді С.Мыңбаев.

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту