«Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының «еншілестері» мен «шөберелерінің» штаты 17-50%-ға қысқартылады – Шөкеев

размер шрифта: Aa | Aa
03.02.2012 16:46

 «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ), «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ұлттық компанияларында және соңғысының еншілес «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» (ҚМГ БӨ) құрылымында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының (ҰӘҚ) басқа да еншілес және «шөбере» компанияларында қысқарту жүргізіледі, деп хабарлады қор басшысы Өмірзақ Шөкеев.

«Персоналға келетін болсақ, корпоративті орталықтың өзінде біз әр бірлікті қарадық. Бұрын мұнда 210 адам жұмыс істеген.... кейін 140-қа дейін қысқартқан. Ары қарай қысқартуға мүмкіндік жоқ деп ойлаймын... Бірақ біздің еншілес, шөбере компаниялардың резервтері мол», - деді Ө. Шөкеев жұма күні қор кеңесінде.

«ҚМГ БӨ-ге жаңа басшы келді, Астанада отырғандар (қызметкерлер - ҚазТАГ) көбінесе жұмысқа тежеу болған. Ол қазір орталық аппаратты 50%-ға қысқартып жатыр және дұрыс істеп жатыр! Бұл әлі ақыры емес шығар. Ол өз жоспарын ұсынуға тиіс», - деді мемлекеттік қордың басшысы.

Оның айтуынша, ҚМГ-да да қысқарту жүргізу керек.

«Ләззат Қиынов келіп, қараса, штат тым кеңейтілген. 25%-ға қысқартылып жатыр, мен мұны қолдаймын. ҚТЖ-да өткен жолы 15%-ға қысқарту жүргізілді. Қазір тағы 17%қысқартылады», - деді Ө. Шөкеев.

Оның пікірінше, бұл жұмысты барлық компаниялар бойынша жалғастыру керек. «500-ден аса компания, мұны қалай түсінуге болады», - деп ашынды ол.

Ө. Шөкеев қысқарту жұмыс тиімділігін арттырып, қайталауды жоюға мүмкіндік береді. 


Астана. 3 ақпан. ҚазТАГ– АйгүлТүлекбаева.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту