Өткен жылы Қазақстанда табиғи газ өндіру көлемі 2,8 млрд. текше метрді құрады

размер шрифта: Aa | Aa
03.02.2012 17:06
«Ағымдағы жылдың 2 ақпанында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Онда компанияның 2011 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің алдын ала қорытындылары жасалды»,-деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Шұғыл деректер бойынша, 2011 жылы мұнай және газ конденсатын өндірудің шоғырландырылған көлемі 21,1 млн. тоннаны құрады, бұл жоспардағыдан 5 пайызға және 2010 жылмен салыстырғанда 4 пайызға кем. Сонымен қатар өткен жыл бойына табиғи газ өндіру 2,8 млрд. текше метрді құрады. Бұл жоспардағыдан 6 пайызға артық, ал 2010 жылғы көрсеткіштен 1,4 пайызға төмен.

Мұнайды магистралдық құбыр желілері арқылы тасымалдау 66,9 млн. тоннаны құрап, бұл меже жоспардағыдан 4 пайызға көп болып отыр. Ал өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға артық. Мұнайды теңіз көлігімен тасымалдау көлемі жыл бойына 9,3 млн. тоннаны құрады. Бұл 2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы көрсеткіштен 31 пайызға көп. Өткен жылы 110,5 млрд. текше метр газ тасымалданды, бұл жоспардағыдан  9 пайызға ал 2010 жылғы көрсеткіштен 11пайызға артық.

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту