2011 жылы «ҚазМұнайГаз» компаниясы ел бюджетіне 517,5 млрд. теңге көлемінде түсім түсірді

размер шрифта: Aa | Aa
03.02.2012 17:08
«2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында мұнай өңдеудің шоғырландырылған көлемі (соның ішінде The Rompetrol Group) 15,3 млн. тонна мұнайды құрады.

Бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 4 пайызға артық»,-деп хабарлайы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі. 

2011 жылы еліміздің мұнай өңдейтін үш зауытында 11,4  млн. тонна мұнай өңделді. Алдын ала деректер бойынша, 2011 жылы ұлттық компанияның шоғырландырылған кірісі 2,8 трлн. теңгені құрады. Бұл  жоспардағы көрсеткіштен 26 пайызға, ал өткен жылғы табыстан 25 пайызға көп. Сондай-ақ шоғырландырылған табыс көлемі 379,2 млрд. теңгені құрады. Бұл да жоспардағы көрсеткіштен 115 пайызға көп. 

Бұған қоса, 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы деректер бойынша, «ҚазМұнайГаз» компаниясы еліміздің бюджетіне салық және басқа да міндетті төлемдер түрінде барлығы 517,5 млрд. теңге түсірді. Бұл бекітілген жоспардан 35 пайызға, өткен жылдың көрсеткіштерінен  23 пайызға көп болып отыр.

АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат -

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту