Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыты өңірдің дамуына үлкен серпін береді - БҚО әкімі

размер шрифта: Aa | Aa
03.02.2012 17:10
Елбасы биылғы Жолдауында өңірлердің дамуына аса назар аударды.

  Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткен, өңірлерде іске қосылатын үлкен   жобалардың  бірі - Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыты.  Таяуда өткен қоғамдық тыңдау кезінде Бөрлі ауданының тұрғындары жобаны мақұлдады.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, жоба жүзеге асар болса, құрылыс кезінде 3,5 мың адам, іске қосылған соң, 600 адам тұрақты жұмыс істейді. Бұл жобаның өңір дамуына үлкен серпін берері сөзсіз. Сонымен қатар Елбасы электр қуатының тапшылығын болдырмау жөнінде де тапсырмалар берді. Осы бағытта жасалып жатқан жүйелі жұмыстардың арқасында облыста электр қуаты мәселесі толығымен шешілді. Дегенмен, экономикалық өсім бар жерде электр қуатын тұтыну да өсе бермек. Теректі ауданының Федоров ауылының жанынан қуаттылығы 150 МВт ГТЭС құрылысы жоспарланып отыр. Өткен жылдың қарашасында ГТЭС құрылысы бойынша да қоғамдық тыңдау өтті.

-Батыс Қазақстан облысын қуатты Қазақстанның қуатты өңіріне айналдыру үшін қажетті газ және электр қуаты сияқты негізгі ресурстармен қамтамасыз ету шешілу үстінде. Ендігі мәселе - қолда бар артықшылығымызды пайдалана отырып, кәсіпорындар санын көбейту, өндірісті арттыру, оның ішінде қосымша құны жоғары тауар шығару жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Өңір қуатты болу үшін, ең алдымен, оның халқы қуатты болу керек. Халық қуатты болу үшін тұрақты жұмыс істеу қажет. Күнделікті тұтынып отырған тауарларға жеке-жеке талдау жасап, егер оны арзан әрі сапалы етіп облыста шығаруды ұйымдастыра алсақ, ол тауарды неге біз басқа жақтан, әсіресе алыс-жақын шетелдерден сатып алуымыз қажет?! - деді облыс басшысы.

ОРАЛ. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту