Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

размер шрифта: Aa | Aa
07.02.2012 10:39

Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) ТЖ жөніндегі департаментінің (ТЖД) өртпен күрес қызметінің қызметкерлері PetroKazakhstan Oil Product мұнай өңдеу зауытындағы өртті сөндіріп жатыр.

Кәсіпорында шыққан өрт туралы ақпаратты ОҚО ТЖЖ баспасөз хатшысы Арман Әсібеков қуаттады.

 «Объектіге шақыру бірнеше минут бұрын түсті. Өрт сөндірушілер жетті, қазір сөндіріп жатыр. Бірақ өрттің неден шыққаны, жалын шарпыған аумақтың ауданы туралы әзірге ештеңе айта алмаймын. Бұл өрт сөндірілгеннен кейін белгілі болады», - деді А. Әсібеков. 

Шымкент. 6 ақпан. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту