«Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

размер шрифта: Aa | Aa
08.02.2012 17:06

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1685 қаулысымен (бұдан әрі - Үкіметтік шешім) «Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік әкету баждары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына (бұдан әрі - 1036 қаулы) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұл туралы ҚР Экономкалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Аталған Үкіметтік шешім 1036 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу қағидасына сәйкес әзірленді.

Жоғарыда аталған қағидаға сәйкес Экономикалық даму және сауда министрлігі тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ұсынған шикі мұнайдың әлемдік нарықтағы орташа бағалары туралы ай сайынғы ақпараты негізінде мұнайдың жекелеген өнімдерінің кедендік баж ставкасын есептейді.

Осылайша, шикі мұнайға әлемдік бағаларға жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша мұнайдың нарықтағы орташа бағасы 2011 жылдың ІІ-тоқсанында 1 баррелі үшін 116,22 АҚШ долларын немесе 1 тоннасына 871,81 АҚШ долларын құрады.

Бекітілген формулаға сәйкес (Қағидалардың 7-тармағы) мұнайдан жасалған тауарлардың кедендік баж ставкасының көлемі:

мұнай өнімдерінің ашық 1 тоннасы үшін 0,225 * (871,81 - 138,6) = 164,97 АҚШ долл. және күңгірт 1 тоннасы үшін 0,15 * (871,81 - 138,6) = 109,98 АҚШ долл. құрады.

Осыған байланысты, осы Үкіметтік шешім 2011 жылғы ІІ тоқсандағы шикі мұнайдың әлемдік нарықтағы орташа бағалары туралы ай сайынғы мониторинг нәтижелері негізінде мұнай өнімдерінің кедендік әкету баж ставкасын өзектендіру көзделіп отыр.

Осы Үкіметтік шешім, қаулының 1-тармағы 2-тамақшасының 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін екінші абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, ресми БАҚ-та Үкіметтік шешімнің мәтіні осы жылдың 28 қаңтарында жарияланды.

Құжатпен біздің интернет-ресурсымызда «Сауда саясаты» -  «Сыртқы сауда» - «Кедендік-тарифтік саясат» - «Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық базасы» - «Қазақстан Республикасының қабылданған Үкіметтік шешімдері» бөлімінде таныса аласыздар.

Автор: Жасұлан Жолдыбаев

АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат  

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту