«ҚазМұнайГаз» өзінің еншілес компаниясынан барлық МӨЗ-дерді өз қарамағына алуды жоспарлап отыр

размер шрифта: Aa | Aa
14.02.2012 16:42

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының (ҚМГ) басшысы Ләззат Қиынов қазіргі уақытта республиканың барлық мұнай өңдеу зауыттарын (МӨЗ) «ҚазМұнайГаз - өңдеу маркетинг» компаниясынан «ҚазМұнайГазға» беру мәселесі талқыланып жатқанын қуаттады.

«Талқылап жатырмыз», - деді Л. Қиынов ҚазТАГ тілшісіне сейсенбі күні үкіметте.

Оның айтуынша, МӨЗ-дердің бас компанияның басқаруына берілу мүмкіндігі «бұл қымбат тұратын қайта жөндеу жұмыстары жүргізілетін өте үлкен күрделі өндіріс» болып табылатынына байланысты».

«ҚазМұнайГаз» - өңдеу маркетинг» АҚ Атырау МӨЗ-і акцияларының 99,5%-ына, Шымкент МӨЗ-і акцияларының 49,7% -ына, Павлодар МХЗ-і акцияларының 58%-ына, Rompetrol компаниясы акцияларының 100% -ына иелік етеді. «ҚазМұнайГаз» АҚ-ының 100% еншілесі болып табылады. 


Астана. 14 ақпан. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту