Жаңғырту тіректері

размер шрифта: Aa | Aa
14.02.2012 18:26

Т.Құлыбаев: Қазақстанның дамуы өкімет, қоғам және бизнес мүмкіндіктерін біріктіруді талап етеді.

Тимур Құлыбаев, KAZENERGY мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымының қазақстандық ассоциациясының төрағасы.

Еліміз дамудың жаңа кезеңін бастан өткеруде. Қазақстанның алдағы онжылдықтағы мақсаттары мен басымдықтарын Президент Н. Назарбаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында анық көрсетті. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын жан-жақты жаңғырту, шаруашылық жүйесін әртараптандыру, халықтың өмір сүру деңгейін жаңарту, жоғарылату.

Зор жобалар
Қазақстан дамуының мақсаттары мен міндеттерін айқындай отырып, Мемлекет басшысы ұлттық экономиканың басты базистерінің бірі ретінде еліміздің мұнай-газ кешеніне ерекше назар аударды. Кешеннің тұрақты өсуі еліміздің ұзақ мерзімді дамуының жетістігін, қазақстандықтардың әл-ауқатын күшейтуге себепші. Бұл процесте Үкімет, Самұрық-Қазына қоры және сала компаниялары мен салалық ассоциациялардың үйлесімді жұмысының арқасында оң нәтижелерге қол жеткізілді.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ мұнай өңдеу және мұнай-химия кәсіпорындарын технологиялық жағынан жаңғыртуды, экспорттаушы құбырларды ұлғайтуды, мұнай өндіру мен өңдеудің жаңа қуаттылығын құруды қолға алды. Бұл ретте мұнай-газ саласындағы қазақстандық құрамның өсуіне қуатты серпін берілді. Мемлекет маңызды жобаларда өз ұстанымдарын бекітті. Олар – Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары.

Бүгінде мемлекеттік органдар мен бизнес қоғамдастықтардың назары саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жобаларды іске асыруға ауған. Солардың қатарында Қарашығанақ ГӨЗ, Атырау газ-химия кешені, мұнайды тереңдетіп өңдейтін заманауи қуатты қондырғылар құрылысы, Астана мен еліміздің орталық аймақтарын газдандыру, басқа да ірі масштабты жоспарлар бар.

Осы жобаларды жүзеге асыру үшін қатысушылардың барлық мүмкіндіктері мен күшін біріктіру қажеттілігі салалық бірлестіктер белсенділігі мен жауапкершілігін тұспалдайды.

Өйткені олардың жұмыстары, KAZENERGY мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымының біздің қазақстандық ассоциациясының қызметі бойынша, бизнес мүдделері қоғам үшін маңызды және мемлекеттік басымдықтармен ықпалдастықтан тұрады. Мемлекеттік бюджеттің 40 пайызы тек қана KAZENERGY мүшелерінің салымымен толтырылатынын ескерсек, Ассоциация мен барлық мұнай-газ кешендерінің(МГК) ел алдындағы міндеттерінің ауқымын көреміз. Осы үндеуге МГК ұйымдары мен қатысушылары өздерінің экономикалық және кәсіби әлеуетін, сондай-ақ еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда салада жетілген, қайта жаңарған тәжірибелерін қолдана отырып жауап бере алады.

Осы уақыт аралығында энергетикалық кешен республика экономикасына 130 млрд долар инвестициядан 80%-дан астамымен қамтамасыз етті. Өнеркәсіпке жаңа технологиялар мен инновациялар тартудың көзі болды. Мұнай капиталын адам капиталын дамытуға – кадрлықтан қоғамдық аспектілерге дейін – жәрдемдесу моделін жасады. Ең бастысы, жалпыұлттық прогрестің іскер қатысушысы ретінде мұнай бизнесін дамыту логикасын құрды. Осындай дамудың сипаты нақты мұнай жобаларының тағдыры мен эволюциясын, өндірістік және қаржылық өсудің үрдісін күшейту мен қалыптастыруын көрсетеді. Олар Қазақстанның табиғи әлеуетін нақты шаруашылық және саяси жетістіктерге айналдыру көзі әрі символы бола білді. Сондықтан да жобаланған реформаларға сенімді тірек. Соның ішінде, біздің шикізат ресурстарының жоғары бөлінісі үшін әлеуетті құрылыстар бойынша ауқымды жобаларды іске асыратын, өңдеуші салалар үлесін көтеруді қолдайтын, сондай-ақ еңбек және корпоративті қарым-қатынастар жүйесін өзгертетін – бұл да маңызды міндет – инфрақұрылым құру.

Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған, Оңтүстік Қазақстандағы Құмкөл бассейнін пайдалану, Маңғыстаудағы Өзенді жаңарту, Атырау мен Ақтөбеде өнімді жоғарылату – бұл жобалардың қазіргі тарихы халықаралық инвесторлар үшін Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктерін ашты. Содан кейін миллиардтаған капитал салымдар ағынымен, сала өнімділігінің және көмірсутегі қорының өсуімен қамтамасыз етті. Мыңдаған және он мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылды. Мысалы, мұнай өндіру 2001 жылдан бері екі есе өсті және 2011 жылы 80 млн-нан астам тоннаны құрады. Осы жылдары газ өндірісі көтерілді: шамамен сегіз есе, 5,46 млрд. текше метрден 39,5 млрд-қа дейін.

Өндірістік көрсеткіштермен қатар, Еуразияның энергетикалық тұрақтылығының гаранты ретінде Қазақстанның әлемдегі беделі өсуде. Ұлттың әлеуметтік хал-ахуалын көтеретін, біздің шаруашылық жүйеміздің индустриялық-инновациялық дамуына апаратын мемлекеттік бюджетіміз өсуде.
Тек қана соңғы 10 жылда мұнай және газ экспорттау көлемі екі есе өсті. Қазақстан негізінен батыс елдерін біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫЖДҰ) елдерінің рыногына, Еуразияның негізгі бөлігін құрайтын Шанхай ынтымақтастығы ұйымы(ШЫҰ) мемлекеттерінің отын жүйесіне де теңдестірілген ықпал етеді. Республиканың мұнай-газ саласындағы экспорттық табысты жаңғырту жобаларын қаржыландырудың негізгі көздерінің бірі болып табылатын энергетикалық тауарларды сатудан түскен табыстан құралған 40 млрд.$ Ұлттық қордан 60%-ға асып түсті.

Шикізаттан жоғары бөліністегі өнімдерге дейін
Мұнай-газ өнеркәсібі бұл жаңғыртудың қаржылық және технологиялық демеушісі. Өткен онжылдықта Теңіз жобасы аясында жаңа газ өңдеу зауыты салынған болатын. Ол Қазақстанға сұйытылған газды шығаруды 5 есеге жоғарылатуға мүмкіндік берді. 2003 жылы Теңіз кенін пайдаланушы Chevron көмірсутегін тереңнен өңдейтін Атырау полиэтилен құбырлары зауытын іске қосты. Қазір аймақта Атырау газ-химия кешені құрылуда. Кешен Теңіз газын өңдей отырып, жоғары бөліністегі өнім шығарады – жылына 1,3 млн тонна полимер. Бұл жобаны "ҚазМұнай Газ" ұлттық компаниясы қазақстандық әріптестерімен және шетелдік алып компаниялармен – қытайлық Sino¬pec пен оңтүстіккореялық LG Chem – жүзеге асырады. Инвестицияның жалпы көлемі 6,3 млрд доллар.

Бизнестің көп қырлы және халықаралық сипаты Қазақстаның мұнай-газ саласы 90-жылдардағыдай шикізат шығаруға әлемдік инвестицияны тартқанын көрсетеді. Бүгінгі таңда сала оларды жоғары технологиялы өңдеу секторының жаңа экономикалық қуатын құруға тартады.

2009 жылдан бері отандық үш МӨЗ жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүруде. Ағымдағы онжылдықтың ортасына таман мұнай өнімдерін өндіруді 17 млн тоннаға жеткізуге мүмкіндік берді. Көмірсутегін жоғары бөліністе өңдейтін Атырау кластерінде "Атырау МӨЗ-де мұнайды тереңнен өңдеу кешенінің құрылысы" жобасы іске асуда. Оның нәтижесі 2016 жылға қарай шикі мұнайды өңдеу бойынша жылына 5,5 млн-ға дейін, өңдеу тереңдігін 87 пайызға дейін, таза мұнай өнімдерін 77 пайызға дейін өңдеу бойынша зауыттың қуаттылығын арттыру болмақ. Сонымен қатар мотор жанармайының сапасын Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарына дейін жақсарту. Нәтижесінде ішкі рынок отандық жоғары сапалы жанармаймен толықтырылады, ал өнім көлемі республиканың қажеттілігінен тыс мұнай өнімдері экспортының өсуін қамтамасыз етеді.

Ұқсас модельдер бойынша басқа мұнай-газ мегежобасы – Қарашығанақ – дамиды. Біз оны шикізат ретінде бастап, сосын ҚР Қарашығанақ көмірсутегін Ресейдің Оренбург қаласында өңдеуден түсім алуға қол жеткізеді. Мемлекет басшысы Қарашығанақ жобасының шығысын сапалы басқа деңгейде белгіледі. Кен орындарында шикізат өндіру өсіп қана қоймай, қуаты жылына 5 млрд текше метр мұнай өңдейтін жаңа зауыт салынады. Ол көгілдір отынды кең ауқымда қолдануға мүмкіндік береді: индустриалды, коммуналды, үйде тұтынушылардан бастап еліміздің орталық бөлігі мен астанаға жоғары бөліністегі өнім өндіруге дейін.

Бұл тек ірі жобалар. Бұдан басқа соңғы бірнеше жылдардың ішінде жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстанның әр түрлі аймақтарында бірталай жаңа қуатты нысандар тұрғызды. Бұлар алдымен жанатын ілеспе газды өңдеу, одан бағалы көмірсутегі тауарларын, электр энергиясын өндіру үшін салынды.
Мемлекет пен бірлестік мүдделерінің бірігуі, сөзсіз, республикада және инвестициялық саясатта құрылған тиімділік көрсеткіші болып табылады. Бірақ бұл бағдар бір мезетте экономиканың басқа да салаларын(ядролық энергетика, металлургия және машина жасау өнеркәсібі, химия және аграрлық кешен) индустриялық-инновациялық жаңғырту моделін жасау үшін де пайдаланылады.

Шикізат өндіруден жоғары бөліністегі өнім шығаруға дейін. Бұл – ҚР Президенті белгілеген Қазақстанның экономикасы және шаруашылық жүйесін "вертикалды" дамыту.

Осы іспеттес өнімдерді жасау ядролық және электрэнергетикалық саланың озық дамуын талап етеді. Әлемдік уран өндіруден 35 пайызды өндіре отырып, Қазақстан ядролық энергетиканы әртарапты дамыту жөнінен жоспарлы қадамды іске асыруда. Оған Маңғыстау облысында жаңа атом электр стансасын(АЭС) салу кіреді. Және де қойылған өнімнің қосылған құнын ұлғайтуға мүмкіндік беретін ядролық-отындық циклдің жетіспейтін барлық бөлімдерін құру – уранды байыту және конверсиялау, жылу бөлетін құрастырмалар өндірісі.

Басқа басты қадам – электр энергиясын өндіруді үдету және оңтүстік өңірдегі энергия жетімсіздігін болдырмауда Балқаш жылу электр стансасының(ЖЭС) бірінші модулінің құрылысы. ЖЭС-тың қуаты 1320 мегаватт, жалпы инвестиция көлемі 2,3 млрд доллар.

Экономиканың қантамыры мен «бұлшық еті»
Мемлекет басшысы Жолдауда болжамды жаңғырту үшін инфрақұрылымдар қажет екенін айтады. Қазақстанда еліміздің оңтүстік, солтүстік, батыс өңірлерінде жол құрылысынан бастап газ құбырларына дейінгі ірі транспортық жобалар басталды. Олар энергияның, тауар мен қызметтің, жалпы айтқанда, ұлттық экономиканың жаңа «бұлшық етінің» қозғалыс көзі болып табылады.

Алайда, жаңа инфрақұрылымдарды қалыптастыру міндеті дегенде кешенді техникалық шешімдерге қол жеткізу дегенге қарағанда, әлдеқайда терең және кең мағына жатыр. Мәселе билік пен бизнестің, мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттестігінің инфрақұрылымы сияқты, ел мен оның өмірін құрайтын құрамдас бөліктер туралы болып отыр. Электрондық үкімет құру, әкімшілік іс-шараларды жеңілдету, заңнамалардың жаңа қағидаларын енгізу – Мемлекет басшысының алдағы уақытқа қойып отырған міндеттерінің қысқаша тізбесі. Президент сонымен бірге Қазақстандағы адам капиталының өсімі мен жаңа инфрақұрылымдарды қалыптастыруды қарастыруды қажет ететін білім беру жүйесін жаңғырту туралы айтады.

Меніңше, салалық және одан кең мағынадағы мұнай-газ кешеніндегі инфрақұрылымдық міндеттерді шешуде Қазақстанның тәжірибесі жеткілікті.

Ағымдағы онжылдықта үш жаңа экспорттық: Қара теңізге Каспий құбыр консорциумы, Атырау-Кеңқияқ-Атасу-Алашанькоудан Қытайға дейінгі мұнай құбыры, Орта Азия мен Шығыс Азияны байланыстыратын, мұнайлы Атырау-Самара және газды САЦ магистральдарын өткізуге қабілетті кеңейтілген Азиялық газ құбырлары жасақталды. Қуаттылықтың нәтижесінде экспорттық мұнай құбырлар 60 млн. тоннаға, газ құбырлары 90 млрд. текше метрге дейін өсті.

Осы жылдары 1000 шақырымнан астам газ құбырлары салынды және жөндеуден өткізілді; тұрғындар мен индустрияны, оның ішінде шалғай аймақтарды газбен қамтамасыз етудің жаңа жүйелері жасалынды; республикалық және кәсіпаралық мұнай құбырларының мыңдаған шақырымдары салынды, мысалы Әлібекмола-Кеңқияқ, Солтүстік Бозашы-Қаражанбас. Біз еліміздің Еуразияның түрлі жанармай нарығындағы жаңа мүмкіндіктерін ашатын, ал жер асты байлықтарын пайдаланушылар үшін өнімді көбейтетін жекелеген Батыс, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан мұнайтранспортық сегменттерін бір жүйеге біріктірдік.

Бірақ Қазақстан осы бағындырған белестерде тоқтап қалмайды. 2011 жылы Қазақстанның ірі мұнай экспортының маршруты - КТК-ны кеңейту жұмыстары басталды. 2015-2016 жылдарға қарай Қашаған және Теңіз ірі кен орындарының мұнайын экспорттаудың сенімді негізін құрайтын КТК-ның өткізу қуаттылығы 28 млн.тоннадан 67 млн тоннаға дейін артады. Сондай-ақ болашақта «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырын жылына 20 млн. тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.

Сонымен бірге еліміздің барлық өңірлерін газбен қамтамасыз ету, табиғи газдың импорттығына деген тәуелділікті төмендету – басты міндеттердің қатарында. 2011 жылы жазда 2013-2015 жылдары Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстанның газ ресурстары мен транспорттық қуаттылығын байланыстыратын қуаттылығы 15 млрд. текше метрге дейінгі ірі Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырын жабдықтау басталды. Бұл бір жағынан еліміздің ішкі газ нарығын кеңейтеді және қазақстандық «көгілдір отынды» Қытайға экспорттауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан – оңтүстік облыстардың индустриялық тез өсуін энергетикалық ресурстармен қатмасыз етеді. Таяу жылдары Қостанай-Көкшетау-Ақмола газ құбыры жобасы аясында еліміздің орталығы мен солтүстік өңірін газбен қамтамасыз ету міндеті де шешіледі.

Орталық өңірлердегі экономикалық өсу Батыс Қазақстан мен Астана арасындағы газ құбырын қолдау арқылы жалғасады. Бұл инфрақұрылымдық жоба Президенттің алдағы жылдары басым нысандар ретінде аталған жаңа Қарашығанақ газ өндіретін зауытын ашуды іске асырады.

Кадрлар бәрін шешеді
Мемлекет басшысы кадрлардың кәсібилігі мен басқару сапасын арттыру міндетін қойды. Бұл әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басты бағыттарының бірі. Бұл жұмысқа KAZ¬ENERGY Ассоциациясы белсене қатысуда. Ассоциация 2005 жылы құрылғанынан бастап Қазақстанның мұнай-газ және энергетика кешендерінде жұмыс жасайтын 50 отандық және шетелдік компанияларды біріктіріп отыр.

Ассоциацияда көптеген бағдарлама бар. Бұл бағдарламалар республика өмірін технологиялық, гуманитарлық, қоғамдық жаңғыртуға бағытталған: мұнай жобаларындағы қазақстандық құрамды арттыру және отандық машина жасау қуаттылығын жаңғыртудан әлеуметтік маңызды отандық өндірістерді қолдауға дейін. Олардың қатарында білімге инвестиция, мұнай-газ кешені үшін сапалы кәсіби мамандар даярлау да маңызды.

KAZENERGY қызметінің бұл бағыттары алдағы жылы қанатқақты режімде салалық ассоциациялардың базасында 1-2 саланың біліктілігін растайтын тәуелсіз Орталықтарды құруды тапсырған Президенттің қаңтардағы Жолдауының аса маңызды міндеті болады. Сондай-ақ жастарға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері арқылы білімге қолжетімділікті кеңейту туралы.

Жаңғыртудың осы бағытындағы салалық Ассоциацияның тәжірибесі бірлескен инвестициялар және инновациялардың мемлекеттік оқыту жүйесімен қосылуына негізделеді.

2006 жылдың қыркүйегінен бастап KAZ¬ENERGY өзінің үнемі әрекеттегі білім бағдарламасын басқа да стипендиалы-грантты бастамалармен қатар жүзеге асырып келеді. 2006 жылдың желтоқсанында Ассоциация Білім және кадрлық мәселелер бойынша Үйлестіру кеңесін құрды. Кеңес Ассоциация қатысушылары(жұмыс беруші) атынан сала мен мемлекеттік білім және кәсіптік жүйе – Білім және ғылым, сондай-ақ Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктері – аралығындағы байланыстырушы буын болды. Содан бері осы ведомостволармен, "Болашақ" ЦМП АҚ және "Кәсіпқор" АҚ-пен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалып, жұмыс істеуде. Бүгінде KAZENERGY-дің білім саласындағы әріптестері 25 колледж, кәсіби лицейлер мен 20 жоо. Ассоциация ғалымдар мен оқытушыларға гранттар, жүздеген оқушы мен студентке атаулы стипендиялар төлейді, ал KAZ¬ENERGY-дің мүше-компаниялары оларға іс-тәжірибе үшін өндірістік базаларын береді, оқу орындарының және жоо-дан кейінгі білім түлектеріне біліктілік беру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады. Жас ғылым дарындарының перспективалы, қолданбалы зерттеулерін қолдау экономикалық жаңғырту процесіне мүмкіндік беретін бағыттардың бірі болуы мүмкін. Биыл "Инновациялық Қазақстан" бірінші республикалық идеялар конкурсы аясында, бастамашысы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ, жеңімпаздар қатарына KAZENERGY Ассоциациясының үш стипендиаты кірді.

Сонымен бірге Ассоциация отандық оқу орындары мен тапсырыс берушілер, білім беру қызметі клиенттері арасындағы, ғылыми, зерттеу және іскерлік қызмет арасындағы байланысты орнатады және дамытады. Біз екі жақты міндетті шешеміз: бір жағынан, білім беру іс-тәжірибесін оның инновациялық экономикаға сәйкестігі мақсатында жаңғырту, ал екіншісі, қазақстандықтарды еңбек рыногына кәсіби дайындықтың жоғары деңгейімен кіруге дайындау.

Кәсіби-техникалық білім беру жүйесіне материалды-техникалық қамтамасыз ету, оқу жоспары мен оқытушылар біліктілігінен бастап өзгерістер енгізу қажет. Бұл үрдістің бастауы Қазақстанда барлық заманауи халықаралық стандарттарға сай жаңа техникалық колледждердің жүйесін құрып отырған «Кәсіпкер» АҚ қызметі аясында басталып кетті.

Келесі қадам, Президенттің атап өтуінше, Ұлттық біліктілік жүйесін құру болмақ. ҰБЖ қазақстандық мамандардың кәсібилігі мен дағдыларын растауды қамтамасыз етеді, оларға халықаралық деңгейде жоғары жалақы алу үшін дәлелдер береді. Мемлекет пен бизнес Білім, еңбек министрліктері, "ҚазМұнайгаз", басқа да құрылымдар өкілдерінен мұнай-газ саласында ҰБЖ-ны дайындау жөнінде жұмыс тобын құра отырып осы істе бірге жұмыс жасауда. Өз кезегінде KAZENERGY еңбек рыноктарының тұрақты мониторингін жүргізуде, мұнай-газ және энергетика салалары разрезінде техникалық және жұмысшы кадрлар қажеттілігі картасын құрады. Сондай-ақ KAZENERGY сарапшылары салалық ұйымдар мен білім мекемелері арқылы кәсіптік стандартты құруда.

Біз салалық, іскерлік ассоциациялар өкіметтің сенімді және отандық көмекшілері ретінде жұмыс жасай және бизнестің ұйымдастырушылық және қаржылық ресурстарының жалпы мақсаттарын жұмылдыра отырып, ұлттық мәні бар бағдарламаларды іске асырып жатқанының куәсі болып отырмыз. Мемлекеттік-жеке әріптестіктердің осындай көптеген мысалдары еліміз дамуының жаңа кезеңінде осы тектес әрекеттестіктердің қаншалықты зор әлеуетті екенін көрсетеді. Қазақстан экономикалық табыс пен әлеуметтік игіліктің бірігуін алдағы онжылдықтағы өз дамуының басты векторы ретінде таңдады.
Ассоциация (латын тілінен аударғанда «бірігу» ) белсенді және осы үрдістің тиімді қатысушылары болатынына сенімдімін.

Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін іске асыру – мұнай-газ және энергетикалық кешендермен қатар жалпы еліміздің ұзақ мерзімді басымдықтағы экономикасын жаңа көздермен қамтамасыз ету.
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту