«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында бірқатар кадрлық өзгерістер болды

размер шрифта: Aa | Aa
16.02.2012 12:44

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасының корпоративтік даму жөніндегі бірінші орынбасары қызметіне осы компанияның Газ жобалары жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған Данияр Берлібаев тағайындалды», - деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, ұлттық компанияның Басқарма төрағасының геология және перспективалық жобалар жөніндегі орынбасары қызметін енді бұрын аталмыш компанияның Бас геологы қызметін атқарған Құрманғазы Есқазиев атқаратын болады. Ал Басқарма төрағасының Өндіру және техникалық дамыту жөніндегі  орынбасары қызметіне «Н Оперейтинг Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры қызметін атқарған Тимур Бимағамбетов тағайындалды.

Бұған қоса компанияның Басқарма төрағасының тасымалдау инфрақұрылымы жөніндегі орынбасары қызметін осы компанияның Мұнай тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған Нұртас Шманов атқаратын болады. Басқарма төрағасының өңдеу және мұнай-химия жөніндегі орынбасары қызметіне бұрын Мұнай өңдеу және маркетинг жөніндегі басқарушы директоры Данияр Тиесов тағайындалды. Басқарма төрағасының Инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары лауазымына Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған Мағзұм Мырзағалиев  тағайындалды. Ал заң қызметінің басшысы болып бұрын Құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі бас менеджері қызметін атқарған Ержан Жанғауылов тағайындалды.

Автор: Айдар Оспаналиев

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту