2011 жылы стандарттарға сәйкес келмеуіне байланысты Т427 млн соманың мұнай өнімдерінің 350-ден аса партиясы сатылымнан алынды - ИЖТМ

размер шрифта: Aa | Aa
16.02.2012 18:19


2011 жылы Қазақстанда стандарттарға сәйкес келмеуіне байланысты Т427 млн соманың мұнай өнімдерінің 367 партиясын сатуға тыйым салынды, деп хабарлады индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (ИЖТМ) техникалық реттеу және метрология комитетінің басқарма бастығы Айгүл Қасымова.

«Мұнай өнімдерін сататын кәсіпорындарға 328 тексеру жүргізілді... Тексерулердің нәтижесі бойынша сәйкестік сертификаттары, таңбалауы жоқ және техрегламенттердің талаптарына жауап бермейтін, жалпы құны 427 млн теңгенің 367 партиясын сатуға тыйым салынды. Техникалық реттеу саласындағы заңнаманың талаптарын бұзуға кінәлі тұлғаларға қатысты 7,5 млн теңгеден аса соманың әкімшілік шаралары қолданылды», - деді А. Қасымова бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, негізгі бұзушылықтар – сәйкессіздік сертификаттарынсыз, таңбалауға қойылатын талаптарды сақтамай сату.

Комитеттің мәліметтеріне сәйкес, Алматы қаласы бойынша департамент «Royal Petrol» ЖШС-інде мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде Ресейде және Шымкент МӨЗ-інде шығарылған бензиннің партиялары «Бензиннің, дизель отынының және мазуттың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтінін анықтаған.

«1 444 289 теңгенің 13 755 литр көлеміндегі АИ-96 маркалы бензиннен сынама алу кезінде 96 октандық саны анықталған, 556 931 теңгенің 4842 литр көлеміндегі АИ-98 маркалы бензиннен 96,8 октанды саны анықталған. Тексерудің қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқау беріліп, тексерілген өнім партияларын сатуға тыйым салынып, заңды және лауазымды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды», - деді А. Қасымова.

Оның мәліметтеріне сәйкес, «Royal Petrol» ЖШС сапасы сәйкес келмейтін бензинді жерасты резервуарларынан сорып алып, бұзушылықтарды жою шараларын қабылдады.

Қызылорда облысы бойынша департамент «Болашақ» ЖҚС-ында сатып алынған автокөлік бензиндері үлгілерінің арасында АИ-92 бензині МЕМ СТ 8226-82 бойынша детанациялық беріктігі бойынша октандық санына сәйкес келмеген. Бензин «Петро Қазақстан Ойл Продактс» компаниясында шығарылған, сәйкестік сертификатын «НацЭкС» АҚ ОҚФ берген. Тексерудің қорытындысы бойынша сәйкес келмейтін өнімді сатуға тыйым салынды, кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Астана. 16 ақпан. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту