Маңғыстау облысында және БҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты автокөлік жолдарының учаскелері жабық – ККМ

размер шрифта: Aa | Aa
17.02.2012 12:11


Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысындыборанға байланысты жолдың көрінбеуі себепті автокөлік жолдарының учаскелері жабық, деп хабарлайды ҚР көлік және коммуникация министрлігі (ККМ.

Ведомствоның мәліметтеріне сәйкес, 2012 жылғы 17 ақпан күнгі 9 сағат 30 минуттағы ақпарат бойынша еліміздің батыс өңірлерінде ауа-райының қолайсыздығы салдарынан (боран, жолдың нашар көрінуі) келесі учаскелерде автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабық: «Жетібай – Жаңаөзен - Фетисово – Түркменстан шекарасы» автожолының  Жетібай – Жаңаөзен (82-145 км) учаскесінде; «Доссор – Кұлсары – Бейнеу - Сай Үтес – Шетпе – Жетібай - Ақтау» автожолының Жетібай – Шетпе – Сай Үтес (720-515 км) учаскесінде.

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Казталовка – Жәнібек – РФ шекарасы» автожолының Казталовка – Жәнібек учаскесінде; «Чапаево – Жалпақтал – Казталовка – РФ шекарасы»  автожолында (0-213 км) көлік қозғалысы жабылды.

Осыған байланысты ведомство ауа-райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салуға кеңес береді. 


Астана. 17 ақпан. ҚазТАГ 



PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту