«ҚазМұнайГаз» компаниясының 10 жылдығына арналған логотиптің іріктеу кезеңіне 6 жұмыс таңдап алынды

размер шрифта: Aa | Aa
20.02.2012 16:46

«ҚазМұнайГаз» компаниясының 10 жылдығына арналған үздік логотиптің іріктеу кезеңінің  қорытындысы шығарылды.

Байқаудың мақсаты - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мерейтойына арналған логотип жасау.

 «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 2002 жылдың 20 ақпанында ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы және «Мұнай-газ тасымалдау» Ұлттық компаниясын біріктіру арқылы құрылғандығы белгілі.

Іріктеу және ақтық кезеңдерге бөлінген байқауға 2011 жылдың 23 желтоқсаны мен 2012 жылдың 15 ақпаны аралығында маман дизайнерлер мен суретшілерден, сондай-ақ әуесқойлардан, студенттер мен мектеп оқушыларынан, барлығы 17 қатысушыдан 65 жұмыс келіп түсті.

 Іріктеу турының нәтижелері бойынша, қазылар ҚМГ, еншілес және тәуелді ұйымдардың жалпы on-line түрінде дауыс беруі арқылы ақтық кезеңге қатысу үшін 6 логотипті таңдап алды.

 Атап айтқанда, Валерий Жбановтың, Самат Қазкеновтың, Виктория Саттарова, Маргарита Непрокина, Абай Омаров пен Евгений Петровтың жұмыстары ақтық сынға өтті.

Автор: Жасұлан Жолдыбаев

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту