Атырау газ-химия кешенінің құрылысы мемлекеттік қолдаудың арнайы шараларын қажет етеді - Исекешев

размер шрифта: Aa | Aa
22.02.2012 09:44

Атырау газ-химия кешенінің құрылысы мемлекеттік қолдаудың арнайы шараларын қажет етеді, деп хабарлады ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев.

«Қазір мәселелердің бәрі (Атырау газ-химия кешенінің құрылысыбойынша - ҚазТАГ) шешілді деуге болады. Қалған маңызды мәселе – қаржыландыру. Даму банкі бұл жобаны қаржыландыруды бастайды. Бірақ сонымен бірге мұнда ... мемлекеттік қолдаудың арнайы шаралары қажет», - деді ол сейсенбі күні үкімет отырысында.

«Біз бұл мәселені экономикалық саясат жөніндегі кеңеске шығаруды жоспарлап отырмыз, өйткені құны $6 млрд-тан асатын мұндай жоба арнайы өзгертулерді, тіпті заңнамаға өзгертулерді қажет етеді. Біз тәжірибені зерттедік. Ең үздік тәжірибе Таяу Шығыс елдерінде, бұл жобалық қаржыландыру шеңберінде арнайы өзгертулер енгізу болып табылады», - деді Ә. Исекешев.

Газ-химия кешені құрылысының бірінші кезеңінің бас мердігері болып қытайлық «Синопек Инжиниринг» компаниясы белгіленді. Екінші кезеңді жүзеге асыруға кореялық «ЭлДжи Кемикалс» мамандары тартылады.

 «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС – Атырау облысында жүзеге асырылатын «Интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы» жобасының операторы. Өндірістік қуаты: полипропилен – жылына 500 мың тонна, полиэтилен – жылына 800 мың тонна. Жобаны жүзеге асыру мерзімі - 2009-2014 жылдар, құны - $6,3 млрд.


Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ 



PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту