Қазақстан мұнайын шет елдік МӨЗ-дерде толлингі бойынша өңдеу көлемі жылына 2 млн болуы мүмкін – МГМ

размер шрифта: Aa | Aa
22.02.2012 09:51


Қазақстан мұнайын шет елдік МӨЗ-дерде толлингі бойынша өңдеу көлемінің әлеуеті жылына 2 млн болуы мүмкін, деп ҚР мұнай және газ министрі (МГМ) Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, Қазақстан өз күшімен жылына 14 млн тонна мұнай өңдей алады.

«Біздің мүмкіндігіміз, ары кетсе – 14,2 млн тонна – ол біздің МӨЗ-дердің «шыңы»... Бізге ашық түсті мұнай өнімдерінен тағы 1,6 млн тонна қажет. Оны біздің зауыттарды жетілдірмей өңдей алмаймыз», - деді ол сейсенбі күні үкімет отырысының кулуарында осы туралы қойылған сауалға жауап беріп.

«Оларды қайдан ең тиімді жолмен алдыру мүмкін екендігіне қарау керек. Бүгінге ол 1,6 млн тонна Ресейден әкелінуде. Бұл 1,6 млн біздегі зауыттар қайта жөндеуден өтпейінше толлингі бойынша болса да алынуы тиіс», - деді ол.

«Әрине, шығымдылығы әр түрлі болады, (мұнайдың – ҚазТАГ)шығымдылығы 70-80% болады деп есептегенде, ол 2 млн тоннадан сәл асады. Әрине, осы 2 млн тоннаның бәрін толлингі арқылы өңдеп, кері алдыру қиын болар. Ол жағын нақты өмір көрсетеді», - деді С. Мыңбаев.

Бұл ретте МГМ басшысы өңдеушілер ретінде тек Ресей МӨЗ-дері қарастырылмайды деді. «Тек қана Қытай емес, бәлкім, Әзербайжан, әлде Түркменстан, бәлкім басқа да варианттары болатын шығар, мүмкін экономика көтерсе - «Ромпетрол» (Румыниядағы ҚМГ активі – ҚазТАГ) болар. Мұны есептеу керек», - деді ол.  


Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту