Л.Қиынов: Қарашығанақ газды қайта өңдеу зауытын салуға Eni және Petrofact компаниялары үмітті

размер шрифта: Aa | Aa
22.02.2012 15:33

Қарашығанақ газды қайта өңдеу зауытын салуға Eni және Petrofact компаниялары үмітті.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ләззат Қиынов мәлім етті.



«Ол Қазақстанды газбен жабдықтау бойынша тауарлы газбен қамтамасыз ететін болады. Техникалық-экономикалық негіздемесінің құжаттар топтамасы қалыптасты», - деп атап өткен оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы алда тұрған басты міндет - жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін алу, желтоқсанның соңына дейін жобалау жұмыстарын аяқтау.

«Жобаны жүзеге асырудың Eni және Petrofact компаниялары ұсынған екі нұсқасы бар. Eni ұсынған нұсқаның жүзеге асырылу мерзімі 2015-2019 жылдар аралығы, ал құны 4,9 млрд. АҚШ долларын құрайды. Petrofact ұсынған нұсқаның жүзеге асырылу мерзімі 2013-2016 жылдар аралығын қамтиды, құны 2,5 млрд. АҚШ доллары. Сонымен қатар ҚР Мұнай және газ министрлігінің жұмыс тобын құрып, Қарашығанақ жобасынан газ қайта өңдейтін зауыттарға шикізат жеткізуді қамтамасыз ету бойынша келіссөздерді бастау қажет», - деді ол.

Автор: Марлан Жиембай

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту