Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды терең өңдеу кешенін салуды қаржыландыру кредиттік келісіміне мамырда қол қойылмақ

размер шрифта: Aa | Aa
22.02.2012 15:34

Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды терең өңдеу кешенін салуды қаржыландыру кредиттік келісіміне мамырда қол қойылады.


Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ләззат Қиынов мәлім етті.

Оның атап өтуінше, Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды терең өңдеу кешенін салу елімізге 2016 жылға қарай жылына 5,5 млн. тонна шикі мұнайды қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұнайды тереңдете қайта өңдеу 87 пайызға дейін артатын болады. Мұнай өнімдерінің сапасы Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарына сәйкестендіріледі.

«Жобаны қаржыландыру оның құнының 70 пайызын жабу үшін экспорттық-кредиттік агенттіктің қолдауымен экспорттық кредит есебінен, ал қалған 30 пайызы басқа компаниялардан мемлекеттік қолдаусыз тартылатын көздерден жүзеге асырылатын болады», - деді ол.

Сонымен қатар жаңарту жобасының жүзеге асыру нәтижесінде 2012-2014 жылдары аралығында Атырау мұнай өңдеу зауытының санитарлық-қорғау аймағының ұлғаюына байланысты тұрғындарды көшіру шығындарын Атырау облысының бюджетіне қосу мәселесін шешу қажеттігіне ерекше тоқталған Л.Қиынов: «Сондықтан да Кәрім Қажымқанұлы біз хаттамаға келесі ұсынысты, атап айтқанда, Атырау облысының әкімдігі 2012-2014 жылдары аралығында Атырау мұнай өңдеу зауытының санитарлық-қорғау аймағы аумағындағы тұрғындарды көшіру бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісін анықтауды енгізуді сұраймыз», - деді компания басшысы.

Жалпы Л.Қиыновтың атап өтуінше, қазіргі уақытта займдар тарту және кредиттік келісімдерге қол қою бойынша процедураларды аяқтау, займ тартудың оңтайлы шарттарын, қаржы институттарының займ көлемін анықтау келіссөздері жүргізілуде. «Кредиттік келісімге қол қою ағымдағы жылдың мамыр айында жоспарланған», - деді ол.

Автор: Марлан Жиембай

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту