Астананы қоса алғанда Қазақстанның орталық өңірін газбен жабдықтау жобасының құны 698,7 млрд. теңгені құрайды - Л.Қиынов

размер шрифта: Aa | Aa
22.02.2012 15:35

Астананы қоса алғанда Қазақстанның орталық өңірін газбен жабдықтау жобасының құны 698,7 млрд. теңгені құрайды.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ләззат Қиынов мәлім етті.



Оның атап өтуінше, 2011 жылы техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Сонымен қатар жобаның бекітілген техникалық-экономикалық өлшемдері Үкіметте қаралуы үшін Мұнай және газ министрлігіне жіберілген. Республикалық қаржы есебінен жүзеге асырылатын жобаның құрылысын ағымдағы жылы бастау көзделіп отыр.

«Газдандыру бойынша жобаның жүзеге асырылатын бірінші кезеңінің жалпы құны 328,7 млрд. теңгені құрайды. Толықтай алғанда жоба екі кезеңмен жүзеге асырылады. Екінші кезеңі, «Ақсай - Қызыл Октябрь - Тобыл» газ құбыры құрылысы 370 млрд. теңгеге бағаланып отыр», - деді Л.Қиынов.

Оның атап өтуінше, құрылыс-монтаждау жұмыстары құнының жоғары болуы, қаржыландыру көзін таңдау газ тасымалдау тарифтерін қалыптастыруға әсер ететін болады. Бұл өз кезегінде тұтынушыларға арналған көгілдір отынның да құнына әсер етеді.

Автор: Марлан Жиембай

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту