Ресейден Қазақстанға тасымалданатын мұнай өнімдерінің көлемі өткен жылдың деңгейінде болмақ - Сауат Мыңбаев

размер шрифта: Aa | Aa
22.02.2012 15:37

 Биылғы жылы Ресейден Қазақстанға тасымалданатын мұнай және мұнай өнімдерінің көлемі өткен жылдың деңгейінде болады деп жоспарланып отыр.


Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап берген Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.
Атап айтқанда, бұл 1,6 млн. тонна ашық түсті мұнай өнімдері мен 7 млн. тонна көлеміндегі шикі мұнай деңгейінде қамтылмақ.
Сонымен қатар министр мұнай өнімдері мен мұнайды тасымалдау тұрғысындағы екіжақты келісімдер әлі бекітілмегенін жеткізді.
«Біз мұнай және мұнай өнімдерін жеткізудің тізімін сөз жүзінде келістік. Тиісті хаттамаға менің тарапымнан қол қойылды. Онда Ресейдің фискалдық блогында кейбір келісетін мәселелер бар. Егер де осы бөлім фискалдық тараптан келісілсе, онда биыл бұл мәселе тұрақталмақ»,-деп тоқталды С. Мыңбаев.
Сөз соңында ведомство басшысы, Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарының барша қуаттылығы 14,2 млн. тоннаны өндіруге қауқарлы екенін айтты. Яғни, аталған өндірістерді жаңғырпай мұнай өңдеу көлемін арттыру мүмкін емес.

Автор: Руслан Ғаббасов

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту