Т.Құлыбаевтың төрағалығымен «KAZENERGY» қауымдастығы Кеңесінің 12-отырысы өтті

размер шрифта: Aa | Aa
23.02.2012 15:38

2012 жылдың 21 ақпанында Астана қаласында Тимур Құлыбаевтың төрағалық етуімен «KAZENERGY» қауымдастығы Кеңесінің 12-отырысы өтті.

Бұл туралы Қауымдастықтың баспасөз қызметінен мәлім етті.

Отырыс барысында ҚР Мұнай және газ вице-министрі Болат Ақшолақов мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының жұмысы туралы есеп берді. 2012 жылы KAZENERGY қауымдастығы комиссияда төмендегідей мәселелерді қарастыруды жоспарлап отыр: Қашаған кен орнында тәжірибелік-өнеркәсіптік мұнай өндіруді бастау; Орталық және Солтүстік Қазақстанды газдандыру жобасын (соның ішінде Астана қаласын) қарастыру; Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) қызметі шеңберінде мұнай және газ тасымалдау саласындағы кедендік және тарифтік саясат туралы; мұнай-газ және энергетика салаларында кәсіби стандарттарды енгізу туралы.

Қауымдастықтың білікті мамандар дайындау, мұнай-газ саласында ғылым мен инновацияны дамыту жөніндегі жұмысы туралы Қазақ мұнай және газ институтының бас директоры Ұзақбай Қарабалин баяндама жасады. Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы ҚР заңына енгізілген толықтыруларға сәйкес, 2012 жылдың 1 ақпанынан бастап жер қойнауын пайдаланушы компаниялар келісімшарт шеңберіндегі пайдасының 1 пайызын қазақстандық өндірушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық бастамалын қаржыландыруға міндетті. Ұзақбай Қарабалин осы заң талабының күшіне енгенін атап өтті.

Бүгінде мұнай-газ саласындағы мамандарды ұлттандыру мәселесі жан-жақты шешімін тауып келеді - кәсіби стандарттарды қалыптастыру әдістемесі мен ұлттық квалификациялық жүйенің барлық элементтері бар. Жергілікті мамандар санын арттырудағы тағы бір фактор - біліктілікті арттыру және мамандарды қайта дайындау бағдарламаларын іске асырып отырған ірі компаниялардың корпоративтік оқу орталықтары. Мамандарды ұлттандыру мәселесін түпкілікті шешу үшін Тимур Құлыбаев KAZENERGY Қауымдастығына Мұнай және газ министрлігімен бірігіп, оқу орталықтарының мүмкіндіктерін зерттеп, мұнай-газ және оған қатысы бар салаларда қай мамандықтардың тапшы екендігін анықтаулы, инженерлік-техникалық және басқарушы кадрлар дайындау мүмкіндіктерін белгілеуді, ұлттық кадрларды дайындау туралы меморандумға қол қоюды тапсырды.

Қауымдастық Кеңесінде сонымен қатар, KAZENERGY Үйлестіру кеңестерін қайта құру туралы шешім қабылданды. KAZENERGY Бас директоры Жанболат Сәрсенов Үйлестіру кеңестерінің санын беске дейін азайтуды ұсынды. Сонымен қатар, Жанболат Сәрсенов VII KAZENERGY Еуразиялық форумының тақырыбы «Өзгерістер торабындағы әлем - тұрақты энергетикалық болашақты қалыптастыру» деп аталатындығын және 2012 жылдың қазан айында Астана қаласында Дүниежүзілік мұнай кеңесі атқарушы комитетінің отырысы өтетіндігін хабарлады.

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту