KAZENERGY Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасы Ұлттық кеңесінің құрамына кіруді жоспарлап отыр - Т.Құлыбаев

размер шрифта: Aa | Aa
23.02.2012 15:40

 KAZENERGY Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасы Ұлттық кеңесінің құрамына кіруді жоспарлап отыр.
Бұл туралы KAZENERGY қауымдастығының жалпы жиналысында Қауымдастық төрағасы Тимур Құлыбаев мәлім етті.



Қауымдастықтың таратқан баспасөз хабарламасына сүйенсек, Тимур Құлыбаев KAZENERGY Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасы (ӨСҚАБ) мүдделі тараптарының Ұлттық кеңесі (МТҰК) құрамына кіруді жоспарлап отырғандығын атап өтті. Ол мүше-компаниялардан Қауымдастықтың аталмыш бастамасын қолдауға шақырды.

Еске салайық, Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасы - мұнай, газ және тау-кен өндірісі салалары табысының жариялылығын қамтамасыз ету мүмкіндігін туғызатын әлемдік стандарт. Бастама әлемнің 35 елінде жүзеге асырылып келеді. Бүгінде бастамаға қатысудың 2 түрі бар: кандидат-мемлекет, мүше-мемлекет. Қазақстан 2010 жылы кандидат-мемлекет мәртебесіне ие болды. Мүше-мемлекет мәртебесіне ие болу үшін ӨСҚАБ іске асыру жөніндегі бірқатар іс-шаралар жасау қажет, олардың бірі жаңа МТҰК-ның құру болып табылады.

«KAZENERGY» қауымдастығы 2005 жылдың 2 қарашасында құрылды. Қазіргі күні Қауымдастық мүшелері мен серіктестерінің саны - 58. Қауымдастық Кеңесі Қауымдастық төрағасы басқаратын консультативтік орган.

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту