KAZENERGY қауымдастығының жаңа ревизоры болып «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның бас директоры Әсет Мағауов сайланды

размер шрифта: Aa | Aa
23.02.2012 15:41

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның бас директоры Әсет Мағауов KAZENERGY қауымдастығының жаңа ревизоры болды.
Ол 21 ақпан күні Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен өткен KAZENERGY қауымдастығының жалпы отырысында сайланды.



Сонымен қатар, жалпы жиналыста Қауымдастықтың 2015 жылға дейінгі Даму стратегиясының жаңа жобасы бекітілді.

Қауымдастықтың Ревизоры ұйым бюджетінің нысаналы пайдаланылуын; заң талаптары және KAZENERGY-дің ішкі құжаттары талаптарының орындалуын қадағалайды.

«KAZENERGY» қауымдастығы 2005 жылдың 2 қарашасында құрылды. Қазіргі күні Қауымдастық мүшелері мен серіктестерінің саны - 58. Қауымдастық Кеңесі Қауымдастық төрағасы басқаратын консультативтік орган.

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту