KAZENERGY-дің Төтенше жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссиясын құру мәселесі қарастырылуда

размер шрифта: Aa | Aa
23.02.2012 15:43

21 ақпан күні Астанада Тимур Құлыбаевтың төрағалық етуімен KAZENERGY қауымдастығы Кеңесінің 12-отырысы өтті.


Қауымдастық Кеңесінің күтәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі - Төтенше жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияны құру мәселесі болды. Қазақ мұнай және газ институтының (ҚМГИ) бас директоры Ұзақбай Қарабалин атап өткендей, бүгінгі күні Қауымдастыққа мүше компаниялардың арасында қауіпті жағдайда қолда бар ресурстарды ұйымдастыру мәселесі реттелмеген, демеушілік және қайырымдылық көмектің қолданылуын қадағалайтын ортақ механизм жоқ.

Бұл мәселені шешу үшін Қауымдастық мүшелерінің құрамынан Төтенше жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияны құру ұсынылып отыр. Комиссия KAZENERGY қауымдастығы Жаңаөзендегі қайғылы оқиғадан кейін ашқан арнайы есеп-шотқа жиналған қаражаттың жүйелі және транспарентті түрді қолданылуын қамтамасыз ететін болады. «ҚМГИ» АҚ және оның тәуелді ұйымдары, «ҚазГерМұнай» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Самұрық-Қазына» Университеті мен «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Қауымдастықтың қаражат жинау туралы батамасын бірден қолдап, есеп-шотқа ақша аударды.

Жиналған қаржыны Маңғыстау облысында білім беру деңгейін арттыруға, соның ішінде халықты мұнай-газ саласынан тыс мамандықтарға дайындау бағдарламасына жұмсау ұсынылып отыр.

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту