Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары бюджет қаржысын жымқырған құрылыс фирмаларына қамқорлық көрсетті деп күдіктеліп отыр

размер шрифта: Aa | Aa
24.02.2012 10:42

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Амангелді Айтқұлов бюджет қаржысын жымқырған құрылыс фирмаларына қамқорлық көрсетті деп күдіктеліп отыр, деп хабарлады ҚР экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

«Агенттік қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды деген күдікпен Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Амангелді Айтқұловқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Үстіміздегі жылдың 22 ақпанында Айтқұлов ұсталып, Маңғыстау облыстық ІІД уақытша оқшулағышына қамалды. Айтқұлов басшылары «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ облыста әлеуметтік нысандардың құрылысына бөлген қаржыны және бюджет қаржысын жымқырумен айналысқан жекелеген құрылыс фирмаларына қамқорлық көрсетті деп күдіктеліп отыр», - деді ол бейсенбі күні брифингте.

Астана. 23 ақпан. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту