Биыл Батыс Қазақстан облысының сегіз ауылына газ құбыры тартылмақ

размер шрифта: Aa | Aa
24.02.2012 10:50

Батыс Қазақстан облысында биыл сегіз ауылға газ құбыры тартылады.


Об­лыстық энергетика және коммунал­дық шаруашылығы басқармасы бастығы­ның орынбасары Ақылбек Әмірғалиевтің ай­туынша, өңірді газдандандыру бағдарламасы 2020 жылға дейін жалғасын таппақ. Бұдан бұрын барлық аудан орталықтары газдандырылса, енді басымдық елді мекендерге берілген. Өткен жылы республикалық бюджеттен 1396,2 млн. теңге бөлініп, бұл қаржыға 152,814 шақырымдық газ құбыры тартылды. Сондай-ақ 9,3 мың адам тұратын 11 ауылға газ кіргізілді.

Ауыл-аймақты газға қосу жұмыстары осы мақсатқа қаржының бөлінуіне қарай жүргізіледі. ҚР Мұнай және газ министрлігімен облыс әкімдігі арасындағы келісімге сәйкес, республикалық бюджеттен биыл 856 млн. 806 мың теңге мақсатты қаржы бөлінді. Бұл сегіз елді мекенге газ жеткізуге жұмсалатын қаржының 90 пайызын құрайды. Енді қалған 10 пайызы облыстық бюджеттен бөлінбек.

Сонымен, биыл 11,6 мың халық тұратын 15 елді мекенге газ жеткізетін жалпы ұзындығы 177,5 шақырымдық газ құбыры тартылады. Оның ішінде сегіз ауылға газ барады. Олар - Ақжайық ауданына қарасты Базартөбе, Қарауылтөбе, Базаршолан және Томпақ, сонымен қатар Қазталов аудынындағы Қарасу, Беспішен, Шыңғырлаудағы Тас­мола ел­ді мекендері. Жайық­тың сол жақ жағалауындағы біраз ауыл газға қосылып, алдағы қыста от жағу­дан құтылады. Сондай-ақ Жәнібек ау­данының Көлтабан, Құрсай ауылдарына газ құбыры тармағын шығара отырып, Ақоба-Жасқайрат бағытындағы газ құбыры құрылысын салу жоспарланған. Бұл жобалар іске асқан жағдайда облыс бойынша тұрғындардың газбен қамтылуы 84,7 пайызды құрамақ.

Автор: Елжан Ералы

ОРАЛ. 23 ақпан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту