«ҚазМұнайГаз» басшылығы Ресейдің Тау-кен ғылымдары академиясының жоғары наградасына ие болды

размер шрифта: Aa | Aa
24.02.2012 10:51
Геология, мұнай және газ қорлары саласының жоғары дәрежелі мамандары Ләззат Қиынов пен Құрманғазы Есқазиев Ресей Федерациясының Тау-кен ғылымдары академиясының наградасына ие болды.

Сiбiр және Батыс Қазақстанның жер қойнауларын алғаш рет зерттеген ғалымдардың бірі Александр Яншин атындағы медальді бүгін Астанада салтанатты жағдайда ресейлiк академияның Қазақстандағы уәкiлі Марат Әбсеметов тапсырды.

ҚР  Ұлттық мұрағатының директоры, көрнектi ғалым, жазушы М.Әбсеметов, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Л.Қиыновтың және оның геология және перспективалық жобалар жөніндегі орынбасары Қ. Есқазиевтің Отан алдындағы зор еңбегiн атай отырып, Кеңес одағының атақты ғалымы А. Яншиннің салаға қосқан үлесiне тоқталып өтті.

А. Яншин Ақтөбе облысында мұнайдың үлкен қоры бар болуы мүмкін деген ойды алғашқылардың бiрi болып айтты. Алайда, оның бұл болжамына сол уақытта Кеңес ғалымдарының дені күмәнмен қарады. Бірнеше жылдардан кейін А. Яншиннің сөзі шындыққа айналып, өңірде Кеңқияқ мұнай кеніші ашылады.

«Ол шын мәнінде аса білімпаз Кеңес ғалымдарының бірі болды. Ол Батыс Қазақстан мен Батыс Сібір аймағындағы жер қойнауларын зерттеген алғашқы ғалымдардың бірі. Ол үшiн қазақ жерi екiншi Отан саналатын, себебі ғалым бұл жерде геолог ретiнде қалыптасты және дүниежүзілік даңққа ие болды. А. Яншин атындағы медальды өз кезінде Франция, Италия министрліктерінің басшылары және Нобель сыйлығының лауреаттары алған болатын. Осынау биік наградаға Қазақстанның геология, мұнай және газ қорлары саласы мамандарының да ілігуі өте қуантады», - деді М. Әбсеметов.

Қазақстанның мұнай, газ және тау-кен өнеркәсібінің басшылары мен мамандары аталмыш наградаға өздерінің экономикаға, мәдениетке, ғылымға және білімге қосқан қомақты үлестері, ЕурАзЭҚ елдері арасындағы қарым-қатынастардың дамуына атсалысқандары үшін марапатталды.

Автор: Жасұлан Жолдыбаев

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту