Биыл мұнай өндірудің нақты көлемі 1,3 пайызға төмендеуі мүмкін - Экономика министрі

размер шрифта: Aa | Aa
24.02.2012 10:55
2012 жылы Қазақстанда өндірілетін мұнай көлемі 1,3 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, 2012 жылы мұнай өнімінің төмендеуі 83 млн. тоннадан 81 млн. тоннаға дейін қысқартылуы күтіледі.

«Өнеркәсіп құрылымындағы мұнай өндірудің үлесі 50 пайыз екенін ескерсек, бұл өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуіне барынша әсер етеді. Яғни мұнай өндірудің нақты көлемінің индексі алдын ала болжанған 2,5 пайыздан 1,3 пайызға дейін төмендеуі болжанады», - дейді министр.

Б. Сағынтаев аталмыш мәселеге орай Үкімет басшысы бірқатар ұлттық және жүйе құрушы компанияларымен, оның ішінде мұнай компанияларының басшыларымен кеңес өткізген, ол кеңес барысында мұнай компаниялары басшыларына жеке-жеке тапсырмалар берілгенін атап өтті. «Мұнайды өндірудің алдын ала белгіленген көлемін кемінде бұған дейінгі бекітілген қалпында ұстап тұру туралы тапсырмалар да жүктелген болатын. Кеше ғана «ҚазМұнайГаз» басшылары есеп берді. Сол есептерді саралай келе, компания басшылары алдындағы болжамда бекітілген көлем бойынша мұнай өндіру туралы өздеріне кепілдеме алды», - дейді министр.

Автор: Қанат Мәметқазыұлы

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат  

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту