«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2011 жылы газ сатуды 7,664 млрд текше метрге дейін 57%-ға арттырды

размер шрифта: Aa | Aa
29.02.2012 10:16
ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ (бұдан әрі -«ҚТГА» АҚ) компанияның 2011 жылға ішінде газды сату көлемі 7 млрд 664 млн текше метрді құрап, 2010 жылғы көрсеткіштен 57 %-ға асып түсті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Газды тасымалдау көлемі 5 млрд 188 млн текше метрге жетті, яғни 2010 жылға қарағанда 10 % көп.

Жыл қорытындысы бойынша компания пайдаланатын тарату газ құбырларының ұзындығы 18 949 шақырымға жетіп, 2010 жылмен салыстырғанда 8 159 шақырымға ұзарды. Бұл газ тарту құбырларын әкімдіктердің коммуналдық меншігінен «ҚТГА» АҚ-на беру жөніндегі ҚР Үкіметінің 14.09.2010ж. № 939 Қаулысын жүзеге асыру арқасында мүмкін болды. Осының нәтижесінде «ҚТГА» АҚ активтерінің құны  34 млрд. теңгеге өспек.

 Күрделі қаржы жұмсалымы 2010 жылға қарағанда 1,56 есе көбейіп 7 млрд 995 млн теңгені құрады.
Оның 5 млрд 450 млн теңгесі инвестициялық жобаларға жұмсалған. Жалпы алғанда 2011 жылы «ҚТГА» АҚ ҚР бюджетіне 6 млрд 265 млн теңге көлемінде салықтар және өзге де міндетті төлемдер төлеп, 2009 жылғы көрсеткіштерді 2,3 есеге ұлғайтты. Жылдық ақша түсімінің көлемі 83 млрд теңгеге дейін өсті - бұл 2010 жылға қарағанда 60 %  көп.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде жыл сайын елімізде газ жеткізілген елді мекендер саны ұлғайып келеді. Өткен кезен ішінде «ҚТГА» АҚ қызмет ететін 6 аймақта 29 966 тұрғын үй мен пәтерлер газбен жабдықталды. Осылайша есепті кезең ішінде абоненттердің жалпы саны 687 195 жетті (өсім 4,6%).


«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2002 жылы сәуір айында құрылған, «ҚазТрансГаз» АҚ Жалғыз акционер болып табылады. Компания қызметі тарату құбырлары арқылы газ тасымалдауға, аймақтық тұтынушыларға газ жеткізуді ұйымдастыруға, қызмет ететін өңірлерде газ тасымалы және өткізу активтері түріндегі инфрақұрылымды басқаруға бағытталған. Қазіргі кезде Қазақстанның табиғи газбен жабдықталған 9 - өңірінің 7 - де қызмет көрсететін Компания ҚР табиғи газ өткізу нарығының 75% иеленіп отыр.

АЛМАТЫ, 28 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту