Ләззат Қиынов «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды

размер шрифта: Aa | Aa
28.02.2012 15:04
 Асқар Балжановтың «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттілігі кезектен тыс тоқтатылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Компанияның директорлар кеңесінің жалпы қызмет ету мерзіміне директорлар кеңесінің жаңа мүшесі болып Ләззат Қиынов сайланды»,- делінген хабарламада.  

Ләззат Кетебайұлы Қиынов - 1971 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, тау-кен инженері. Техника ғылымдарының докторы.

Институтты тамамдағаннан кейін «Жетібаймұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының мұнай мен газ ендіру жөніндегі операторы болып жұмыс істей бастайды. Кейін «Маңғышлақ мұнай химия өнеркәсіп» аумақтық-өндірістік басқармасының бас инженері, «Каражанбастермұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы, «Комсомолмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы болады. 1992 жылдан 1993 жылға дейін «Маңғышлақмұнай» өндіріс бірлестігінің бас директоры, 1993 жылдан 1995 жылға дейін Маңғыстау облыстық әкімшілігінің басшысы, 1995 жылдан 1997 жылға дейін мұнай және газ өндірісі министрінің орынбасары,1997 жылдан 1999 жылға дейін Каспий құбыры консорциумының (Алматы қаласы) бас директоры, 1999 жылдан 2002 жылға дейін Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарады. 2002 жылдың ақпанынан 2003 жылдың наурызына дейін «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының президенті, 2003 жылдың наурыз айынан бері ҚР Энергетика және минералдық ресурстар, кейін ҚР Мұнай және газ вице-министрі.

1987 жылы Шевченко қаласының Мұнайлы ауданы бойынша аудандық кеңес депутаттығына, ал 1990 жылы халық депутаттарының қалалық кеңес депутаттығына сайланады. 1990 жылы Қазақстан Республикасы халық депутаттары Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланады. 1999 жылы «Парасат» орденімен марапатталған.

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту