«Гелиос» елордада литрі 295 теңге тұратын «Premium 95» маркалы бензинді сатылымға шығармақ

размер шрифта: Aa | Aa
29.02.2012 15:07
 «Гелиос» компаниясы 1 наурыздан бастап Астанадағы жанармай бекеттерінің бірінде Еуро-5 экологиялық стандартына жауап беретін «Premium 95» маркалы бензин сата бастамақ, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» компаниясының баспасөз қызметінен.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Premium 95» маркалы жанармайдың бір литрі 295 теңге тұрады. Оған сатып алу мен тасымалдау, сақтау және жоғары технологиялы қондырғылар мен бензин сапасын бақылау жүйесінің құны енгізілген.

«Premium 95» Беларусьтағы Мозырь мұнай өңдеу зауытында өңделген.

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту