Қызылордада 5,5 мың тұрғын үй мен 300 кәсіпорын көгілдір отынмен қамтамасыз етілмек - «ҚазТрансГаз Аймақ»

размер шрифта: Aa | Aa
29.02.2012 15:09
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ  жалпы құны 3 млрд. 312 млн. теңгені құрайтын «Қызылорда қаласын газдандыру» инвестициялық жобасына өз қаражаты есебінен жүзеге асыруда.

Бұл туралы  компанияның баспасөз қызметі бүгін     қаржылық-шаруашылық қызметінің қорытындыларын жариялағанда мәлімдеді.  

Былтыр  «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызмет ететін 6 аймақта 29 966 тұрғын үй мен пәтерлер газбен жабдықталды. Соның нәтижесінде  есепті кезең ішінде абоненттердің  саны 4,6 пайызға өсіп, 687 195-ке жетті.  Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының  газ тарату жүйелерін жаңарту жөніндегі инвестициялық жоба бойынша  399 шақырым газ тарату құбыры салынды. Оның 195 шақырымы жер үстіндегі төмен қысымды жер  газ құбыры болса, 204 шақырымы жер астындағы орта қысымды полиэтиленді  газ құбыры. Бұл жобаның басты мақсаты - Оңтүстік Қазақстан облысының газбен жабдықтау желілерінің техникалық базасын жаңғырту арқылы, жаңа газ инфрақұрылымын ғана емес, тұтынушылар мен жеткізушілер арасындағы қарым-қатынастың жаңа жүйесін қалыптастыру болып табылады. Осы күні жаңғыртылған озық жүйеге Шымкент қаласының 9 мыңнан астам газ тұтынушылары қайта қосылды.          

Қазіргі уақытта  Жамбыл облысында  «Қордай» автоматтандырылған газ тарату станциясынан Шу қаласына дейін тартылатын 106 шақырымдық жоғары қысымды газ құбырын салу жөніндегі инвестициялық жоба іске асырылуда. Ол Қордай мен Шу аудандарының елді мекендерін газдандыруға мүмкіндік береді.  Таяу уақытта Тараз қаласының газ тарату желілерін жаңғырту жұмыстары қолға алынбақ.

АЛМАТЫ. 28 ақпан. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту