Үкімет Қашағанды игеруге байланысты Қазақстанда жаңа МӨЗ-дің салыну мүмкіндігін жоққа шығармайды

размер шрифта: Aa | Aa
02.03.2012 15:39

Қазақстан үкіметі Қашаған кен орнын игеруге байланысты елімізде 4-ші мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) салыну мүмкіндігін жоққа шығармайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

 «Қашағанды Қазақстан үшін маңызды жоба деп есептейміз, сондықтан бұл жобаға қатысу үлесіміз болға тиіс. Болашақта үлеске қатысудан басқа, Қазақстан үшін мұнайдың болуының өзі ұстанымды түрде маңызды болады, «Қашаған» жобасының дамуы барысында біз физикалық түрде тәуелсіз екенімізге 100% сенімді болу үшін төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы мәселесіне оралуымыз мүмкін», - деді ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов сәрсенбі күні мәжілістің пленарлық отырысында.

К.Мәсімов президент Ұлттық қордан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ына Қашаған жобасын қолдау аясында $4 млрд көлемінде облигациялық займ беру туралы шешімді қолдағанын еске салды.

Сондай-ақ, ол бүгінгі күні «Павлодар МӨЗ-ін ресурстармен толтыру бойынша келіссөз процесінде белгілі бір қиындықтар» туындап отырғанын айтты.

Қашаған – соңғы 40 жылда ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі. Сарапшылардың болжамына сәйкес, Қашағанмен Қазақстанның әлемдегі мұнай өндірушілердің алғашқы бестігіне кіру мүмкіндігі бар.

Бастапқыда Қашағанда мұнай өндіру жұмыстарын 2005 жылы бастау жоспарланған болатын, алайда техникалық қиындықтарға байланысты кен орнында өндіру жұмыстары 2012 жылдың соңы – 2013 жылдың басына ауыстырылды.

Қазіргі уақытта Қашаған жобасына қатысушылар болып табылатын компаниялар: Eni, Royal Dutch Shell, Exxon Mobil, Total және «ҚазМұнайГаз», бұлардың үлестері тең (16,81%-дан), сондай-ақ, американдық ConocoPhillips - 8,4%  және жапониялық - 7,55%. Жобаның операторы - North Caspian Operating Company B.V.

Астана. 29 ақпан. КазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту