Ахметов Маңғыстау облысын сумен қамтамасыз ету үшін газ құбырларын пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырды

размер шрифта: Aa | Aa
02.03.2012 15:40

ҚР бірінші вице-премьері Серік Ахметов «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ына және Маңғыстау облысының әкімдігіне аймақтың елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін газ құбырларын пайдалану мәселесін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

ҚР бірінші вице-премьерінің Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында облыс басшысы Бауыржан Мұхамеджанов елді мекендерді су ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.

Облысқа келетін Волга суының көлемін арттыру мәселесін шешудің бір жолы ретінде қолданыстағы су қобырына қосымша ретінде қолданылмайтын немесе мүлдем жұмыс істемейтін газ құбырларын іске қосу қарастырылған.

Осыған байланысты бірінші вице-премьер облыс әкімінің кеңесшісін ортақ шешім шығару үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на жіберу туралы нұсқау берді.

«Бұл мәселені бірлесіп пысықтаңыздар. Ондай мүмкіндік бар болса, осы жолды пайдаланыңыздар», - деді С. Ахметов «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Қиыновқа қаратып айтқан сөзінде. 

Актау. 1 наурыз. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту